Kyzylorda-news.kz   Қазалы ауданында А.С.Пушкиннің 225 жыл толуына орай оқушылардың орыс тіліне қызығушылығын арттыру, орыс тілін меңгерген дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, сөйлеу мәдениеті деңгейін көтеру мақсатында жуырда Қаныш Сәтбаев атындағы №216 орта мектепте «Пушкинские чтения - 2024» байқауы өтті.

Сайысқа 2-10 сыныптар аралығында 79 оқушы қатысып, екі бағам бойынша өткізілді.

Атап айтқанда, көркем оқу сайысы: 4-5 сыныптар – табиғат тақырыбы, 6-7 сыныптар – достық тақырыбында А. С. Пушкинннің 5 шығармасын бағалау критерийлер бойынша оқу өнерлерін көрсетуі қажет болды.

Оқу шебері сайысында 8-10 сыныптар аралағында А.С.Пушкин прозаларынан 5 минуттік монолог оқу шеберлігін көрсету тапсырылды.

Осы ретте, байқау қорытындысы бойынша: 4-5 сыныптар арасында бірінші орын Ержігіт Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің 4-сынып оқушысы Алина Кенжебекқызы жеңіп алса, екінші орынды №266 мектеп-лицейлік 4-сынып оқушысы Айнара Балғабай, №276 орта мектептің 5-сынып оқушысы Жүсіпбек Нұраділ, №226 мектеп-гимназия 5-сынып оқушысы Асылбек Камила иемденді. Үшінші орын №204 орта мектептің 5-сынып оқушысы Жеткербай Мирас, №216 орта мектептің 4-сынып оқушысы Сарсенбай Раяна, №90 орта мектеп 5-сынып оқушысы Жарылқасын Аягөзге бұйырды. Ал, 5-сынып оқушылары №170 орта мектептен Бадаш Қажымұқан, №70 орта мектептен Сертай Айбол және №24 орта мектептен 4-сынып оқушысы Алдаш Нұрислам Алғыс хатпен марапатталды.

Сонымен қатар, 6-7 сынып оқушылары – №204 орта мектеп атынан қатысқан Тасболсын Алижан жеңімпаз атанды.  №266 мектеп-лицейлік Ерфайз Даниял, №226 мектеп-гимназиядан Ерсайын Аянат, екінші орынды қанжығасына байлады. С.Сейфуллин атындағы №165 орта мектептен келген Шарапат Кәусар, №93 орта мектеп Бақыт Тілеукелді үшінші орынды қанағат тұтты. Сондай-ақ, №70 орта мектеп атынан келген Жұмабек Инабат пен №24 орта мектептің оқушысы Әбдіғани Ақзер Алғыс хатпен марапатталды.

Сонымен бірге, 8-10 сыныптар аралығындағы – №70 орта мектептен Жақсыберген Ақмарал бірінші орынға көтерілді. №204 орта мектептен бақ сынаған Шайхислам Алина мен №266 мектеп-лицейлік Балмаханова Арайлым екінші орынды жеңіп алды. №226 мектеп-гимназиялық Қайып Балауса мен №95 орта мектептен Ақтан Жұлдыз және №24 орта мектептің талапкері Жаулыбай Сауран үшінші орынды місе тұтты. №104 орта мектеп жіберген Нағидулла Нұрай Алғыс хат иемденді.

Тағы да оқыңыз: