Kyzylorda-news.kz  Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен республикалық «Ясауитану» байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқауға Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің әдіскері Нұржан Әсілханұлы қатысып, өрендерге сәттілік тіледі.

Дәстүрлі байқау 6 және 11 сынып оқушылары арасында өтті. Оған  25 оқушы қатысты. Осылайша облыстық кезеңге ереже бойынша үш оқушыға жолдама берілді.

Байқаудың негізгі мақсаты қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтерін насихаттау, өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп  зерттеуге ынталандыру болып табылады.

Сайысқа қатысқан оқушылар www.azretsultan.kz веб-сайтында жарияланған 40 хикметті жаттап бақ сынады. Сонымен қатар сайтта жарияланған сұрақтарға жауап беру  арқылы өзара мықтыны анықтады.

Республикалық байқаудың нәтижесі бойынша жүлделі І орындарды №10 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы Мырзабекова Інжу, №197 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Қуанышбай Гүлім және №267 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Серік Айна облыстық кезеңге жолдама алды.  

Сондай-ақ дәстүрлі байқауға қатысқан оқушылар арнайы алғыс хатпен марапатталды.

 

Тағы да оқыңыз: