Kyzylorda-news.kz 20 қазанда әлеуметтік желілерде оқушы қыздардың мұғалімге шабуыл жасағаны түсірілген видео тарады. Қыздардың анасына айыппұл салынып, тәртіптік жауапқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәліметке сәйкес, төбелес 7 қазан күні Сырдария облысының №2 мектебінде болған. Бейнежазбада екі оқушының мұғалімге шабуыл жасап, шашынан тартып, ұрғанын көруге болады. Сол сәтте жанындағы мұғалімдер оларға көмектеспек болған. Оқушылар медбикенің кезекшілікке кірісуді талап етуіне агрессивті түрде жауап беріп, физикалық күш қолданған. Денешынықтыру пәнінің мұғалімі төбелесті тоқтатуға тырысқанымен, қыздар оған да шабуыл жасаған.

Мектепте болған жағдайдан кейін қыздар мен олардың ата-аналарының қатысуымен жиналыс өтті. Қақтығыстың себептері туралы ақпарат берілген жоқ. Сот оқушылардың анасының жұмыссыз, екі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырғанын, отбасында асыраушының жоқ екенін ескерген. Осылайша анасына екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (750 мың сом) 28,2203 теңге айыппұл салу туралы шешім қабылдады.

Жағдайды облыстық білім басқармасы бақылауға алып, қосымша ақпарат берілетінін айтты.

Еске салайық, бұған дейін Семейде оқушыларын дәретханаға шығарып сөйлескен мұғалім жұмыстан қуылғанын жазған едік. 16 қазан күні Семейдегі №38 мектеп-лицейде оқушылар мұғалім тарапынан қысым қысым көрген. Сұмдық жағдай туралы оқушының ата-анасы айтып берді. Ата-ананың сөзінше, 7-сынып оқушысының дәптері жоғын білген тарих пәнінің мұғалімі оны жеке сөйлесуге дәретханаға алып барған. Кейін оған тағы бір баланы ертіп алып келуге жіберген. Сөйтіп 13 жастағы балаларды әжетханада біраз уақыт ұстап, балағат сөздер айтып, белгілі бір “түсініктер” туралы әңгіме қозғаған. Мұғалім айғайлап, бұл жағдай туралы ешкім білмеу керегін айтып, қорқытқан. 

Фото: t.me/uztubepodrobno/6612

Тағы да оқыңыз: