Kyzylorda-news.kz  М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық колледжінде “Оқуға құштар колледж” жобасы аясында колледж кітапханасы және “Филология” бөлімінің ұйымдастыруымен “Менің өмірімді өзгерткен кітаптар” тақырыбында эссе жазу байқауы өтті.

Мақсаты - студенттердің өздері оқыған кітап арқылы жас оқырмандардың жарқын өмірге құштарлығын, отансүйгіштікке, сыйластыққа, кішіпейілділікке дәріптеу. 

1-2 курс студенттері арасында өткен жазба жұмысы сайысына 30-ға жуық білім алушы қатысты. Шара барысында студенттердің сауаттылығы, ұшқыр қиялы, сөз саптауы мен шығармашылық зеректілігі сарапқа салынды.

Сондай-ақ, “Оқуға құштар колледж” жобасы аясында “Филология” бөлімінің ұйымдастыруымен колледжішілік танымдық сағат өтті. 

Мақсаты - жас оқырмандардың кітап оқуға, әдеби туындыға қызығушылығын арттыру, кейіпкерлер бейнесін анықтауға және тануға баулу. 

Бөлімнің 1-3 курс студенттері қатысқан шарада студенттер топқа бөлініп, өздері оқыған шығармаларды прещентация арқылы талдады. “Филология” бөлімінің оқытушысы Л.Әзбергенованың ұйымдастыруымен өткен шара барысында автор идеясы, туынды желісі, кейіпкерлердің образдық ерекшелігі талданып,  жаңа технологияларды пайдалана отырып презентация көрсетті.

Айта кету керек, Оқу ағарту министрлігі бекіткен "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында еліміз бойынша оқу орындарында әртүрлі шаралар ұйымдастырылуда. Жобаның мақсаты - оқу мәдениетінің деңгейін және студенттердің оқу белсенділігін арттыру, жас ұрпақтың бойында адамгершілік, рухани құндылықтарды сіңіру. Бұл орайда жоба жаңа бастамаларға ашық, кітап оқу мәдениеті дамыған, көзі ашық, көкірегі ояу жастар санының артуына ықпал етуде.   

Тағы да оқыңыз: