Kyzylorda-news.kz  М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде “Оқуға құштар колледж” жобасы аясында “Шетел тілі” бөлімінің ұйымдастыруымен “Мен оқыған кітап” тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.

Шараға “Шетел тілі” бөлімі меңгерушісі Мөлдір Меңдібаева, колледж кітапханашысы Зульфия Пазылова, ШТ-М-22 тобының жетекшісі Сания Ибрагимова және білім алушылар қатысты. 

Ашық тәрбие сағаты “Ой қозғау” сәтінен басталып, “Әлемдегі ең көп кітап оқитын ел” тақырыбындағы интеллектуалды сұрақ аясындағы пікірталас өтті. Сонымен бірге топ студенттері Fast-translator мақал мәтел ойынын ойнап, әр ұяшықта жасырылған мақал мәтелді жылдам ағылшын тіліне аударудан шапшаңдық деңгейін салыстырды. Шара барысы пікірталас алаңына ұласып, “Электронды оқулықтардың зияны” және “Электронды оқулықтардың пайдасы” тақырыбында пікір таластырды. Сабақ соңында әр топ студенті өзінің оқыған ең сүйікті кітабы туралы қызықты, тың деректермен бөлісіп, оқырман қауымға түрлі әдіспен жарнама жасады.

«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында  «Филология» бөлімі және кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен білім алушы жастар арасында «Бабалар үні» атты book-slam өтті.

Мақсаты - білім алушыларды эпостық жырларға құштарлығын арттыру.

«Бабалар үні» атты book-slam сайысы төрт кезең бойынша жүргізілді. 

І кезең -  Топ ұраны мен таныстыру. 

II кезең - "Ойлы болсаң, озып көр!" (Эпостық жырлар бойынша сұрақтарға жауап беру) 

III кезең - "ДҰРЫС-БҰРЫС" әдісі (эпостық жырлардың дұрыс нұсқасын табу) 

IV кезең - "ПАЗЛ" әдісі (Жырдан алынған суреттерді құрастыру)

Іс-шара барысында білім алушылардың патриоттық рухы  көтеріліп, эпостық жырларға деген қызығушылығын артты. Шараға  ҚТ-Ж-23, ШТ-М-23, КЕ-23 оқу тобы белсене қатысты. Білім алушылар арнайы орындармен марапатталды.

Тағы да оқыңыз: