Kyzylorda-news.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жанынан құрылған «Қазақстан студенттерінің Альянсы» республикалық студенттер қозғалысы белсенді жұмыс істеуде. Ұйым жастардың құқықтық мәселелерін шешуге, зияткерлік, шығармашылық, инновациялық дағдыларын дамыту бағытын ұстанады. 

Сырбойылық жастар да бұл студенттік қозғалыстың бөлігі. Бүгінде Қызылорда облыстық штабқа қарасты бөлімшелер де бар. Оқу орындарында құрылған бөлімшелерде 160-қа жуық студент мүше ретінде тіркелген.

Белсенді жастардың бір алаңда тоғысуының нәтижесінде интеллектуалдық, зияткерлік, мәдени көпшілік шаралар, акциялар мен дебат байқаулары ұйымдастырылып, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында әкімшілік жанынан құрылған жедел топпен, ювеналды полиция қызметкерлерімен бірге түнгі рейдтер және әртүрлі бағыттағы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Қазақстан студенттері Альянсының әр өңірде филиалы бар. Апта сайын өңірлік әріптестермен, басшылықпен жиналыс өтеді. Онлайн кездесу барысында әр өңірдегі өзекті жобаларды талқылап, нәтижесін сарапталады.  

− Әр аймақтың өзіндік үздік жобалары да болады. Көп жағдайда бір тақырыптағы іс-шараларды барлық аумақта бір мезетте жасауға тырысамыз. Сол кезде жастардың назарын аудартып, қызығушылығын оята аламыз деп ойлаймын. Бастысы, біз санға емес, сапаға мән береміз.

Ұйым мүшелерінің саяси бағытқа қызығушылығы жоғары, өзіндік көзқарастары қалыптасқан. Қайырымдылық жұмыстарымен тұрақты айналысады. Қызылорда студенттерінің Альянсы республика бойынша жетекші ұйымның бірі. 2023 жылы еліміз бойынша «Үздік штаб» номинациясын иеленді. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Әрі үлкен жігер сыйлаған марапат. Мұнымен тоқтап қалмаймыз, әрі қарай өз жұмысымызды жоғары деңгейде жүргізуге тырысамыз, − деді Қазақстан студенттерінің Альянсы» республикалық студенттер қозғалысы, Қызылорда облысының төрағасы Р.Базарханұлы.

Бүгінде орталық «Respublica» партиясы» Қызылорда облыстық филиалы, облыстық және қалалық жастар ресурстық орталықтарымен, жастар ұйымдарымен тығыз байланыс орнатқан. Қазіргі уақытта «Respublica» партиясы» Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Жастар бірлестігімен көптеген ісшараларды өткізуде. Сондай-ақ «Qosyl» деген атаумен жастар арасында танымал қалалық жастар ресурстық орталығында біздің ұйымның жеке кабинеті бар. 

− Алдағы уақытта студент жастардың әлеуетін арттыруда, басқа да ұйымдармен әріптестік байланыс орнатамыз. Кез келген ұсыныстарды тыңдауға әзірміз. Дамудың даңғыл жолында жастардың бірге болуы маңызды. Басшылық Тараз, Алматы, Түркістан, Қызылорда өңірлерінде атқарылған жұмыстарды жоғары бағалауда. Сыр өңірі басқа облыстарға қарағанда медиа саласы мен ақпараттандыру жұмыстары бойынша алдыңғы қатарда. Өңірлік әріптестермен де жақсы қарым-қатынастамыз. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жанындағы студенттік омбудсмендер еліміз бойынша тағайындалған. Қызылорда облыстық студенттік омбудсмен қызметін Сабыржан Бахытжанұлы атқарады. Сабыржан Қуандықпен бірлесе отырып, ЖООлардың жатақханаларына мониторинг және түнгі рейдтік жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі. Қызылорда студенттерінің Альянсы үнемі белсенді, студенттердің алдында өз беделін түсірген емес. Жыл сайын жаңа толқынмен құрамы жаңарып, жаңа леп әкелуде.– Елімізде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының бастамасымен волонтерліктің 7 бағыты бойынша шағын гранттар байқауы өткізіледі. Біз осыған дейін шағын гранттар байқауына қатысып, жеңімпаз атанып, Сыр өңіріне республикадан қаржы тартқан болатынбыз. Біршама өзекті жобаларды облыста жүзеге асырдық. Жобалар туралы толығырақ әлеуметтік желіде жарияладық.
Биыл да Қызылорда студенттері Альянсының жанынан арнайы топ құрып, жобаларға қатыстыруды көздеп отырмыз. Жастардың шағын гранттар байқауына қатысуы арқылы өзін-өзі басқару ортасы қалыптасады. Ұйымның белгілі қаржыландыру көзі болмаса да, өз күшімен жұмыс істейді, − дейді Р.Базарханұлы.

– Иә, қазіргі уақытта «Neet» санатындағы жастар деген түсінік бар. Бұл мәселе бізге де таныс. Жұмыссыз жастарды қоғаммен тығыз байланыстыруда ақпараттық жұмыстарды күшейтіп, медиа саласы бойынша көмек көрсетудеміз. Алдағы уақытта арнайы жобамызды әзірлеп, қалалық жастар орталығымен байланыс арттыру жоспарланудаБізге жастармен жұмыс жасау қиынға соқпайды. Себебі, жастар саясатында азды-көпті тәжірибеміз бар. Біз студент жастардың ойында жүрген, жасағысы келетін жобаларды әзірлесек, олар дамушылар қатарына қосылады. Көп жағдайда студенттерге әртүрлі мүмкіндіктерді беруге тырысамыз. Мәселен, рухани даму, тәжірибе арттыру, өмірлік маңызды дағдыларды қалыптастыру деген секілді. Жастармен жұмыстың оңайлатудың тиімді тұсы олардың ұсыныстарын әрқашан тыңдап, қолдау білдіру. Демек, сұранысты дер кезінде ұстай алсақ, жастар қоғамның негізгі күші екенін, өмірден ойып тұрып орын алатынын сезінеді. Негізінен Қазақстан студенттерінің Альянсы ұйымы жоғары оқу орындарында құрылу керек. Өзіңіз білетіндей, Сыр өңірінде университеттер саны аз. Сондықтан да жоғары оқу орындарының студенттерімен шектеліп қана қоймай, колледж студенттерімен де біргеміз. Бүгінде колледж студенттері ұйымға қызығушылық білдіруде. Алдағы уақытта олардың ұсыныстарын ескеріп, басқа да колледждерден бөлімшелер ашылады. Мәселен, сәуір айында И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі мен «Orda» жоғары колледжінде бөлімшелеріміз ашылады. Сонымен қатар шет аймақтағы білім ордаларымен де келіссөздер жүргізілді. Мәселен, Титов, Гагарин секілді аймақтарда құқық бұзушылық ісі жиі тіркеледі. Мақсатымыз шет аймақтардағы құқықбұзушылықтың алдын алуға өз үлесімізді қосу. Студенттерді ұйым жобаларына тарту арқылы бос уақыттарын тиімді өткізуіне ықпал ету.

Студент жастардың құқығы деп бос сөзбен шырылдамай, іспен дәлелдеген абзал. Сондықтан жастардан бөлек, ата-аналарымен кездесу ұйымдастырылады. «Балық берме, қармақ бер» демекші, студенттердің біліктілігін арттыру мақсатында заман ағымына сай дамып келе жатқан мобилография, SMM, 3D дизайн және т.б. жаңа мамандықтарды қатыстырып, өз жобаларымызды әзірлейміз, − деді спикер.

Нәтижесінде студент жастар оқыту курстарынан өткеннен кейін, өз қажеттіліктеріне пайдаланып, қаржы табу мүмкіндігіне жол ашылмақ. Биыл Қызылорда студенттері Альянсының жанынан кітап клубы құрылатынын жеткізді Р.Базарханұлы. 

 

А.Текебай
Фото: mail.kz

Тағы да оқыңыз: