Kyzylorda-news.kz  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма мүшесі - Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнұр Бөрібаева белгілі кәсіпкер-меценат «Мунай.Тех.Сервис.Орда» серіктестігіннің директоры Қайсариев Дәулет Тынымбекұлымен кездесті. 

Кездесу барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен «Мунай.Тех.Сервис.Орда»  ЖШС-і арасында ғылыми зерттеу жұмысына шаруашылық келісім-шартқа қол қойылып, алдағы уақытта бірнеше бағыт бойынша ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыру жөнінде келісімге келді.

Шаруашылық келісім-шарт бойынша зерттеу жұмысына «Экономика және басқару білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, экономика  ғылымдарының кандидаты Абай Шайнуров жетекшілік жасайды. Комерцияландыру бөлімі кәсіпкерлермен әріптестік байланысты одан әрі нығайта түспек.

Түркия жоғары оқу орынмен де бірлескен халықаралық жоба басталды. «Мәдени мұра» халықаралық жобасының шеңберінде 25-29 сәуір аралығында Түркия Республикасының Жастар және спорт министрлігінің және Ақдениз университетітінің өкілдері университетімізге іс-сапармен келді.
Жобаның мақсаты — жастарға өмір сүретін жеріне және мемлекетіне қарамастан, өз мәдениетінің мәнін түсінуге көмектесу, жастардың ұлттық сана-сезімідерін нығайтып, түрік халқымен мәдени бірлікті орнату.
Түркия делегациясы университетіміздегі және өңіріміздегі жастар саясатымен танысып, келешекте жүзеге асырылатын біріккен start-up және ғылыми жобаларды талқылады.
Еліміздің мәдениеті мен өнерін таныстыру мақсатында университет жастары қонақтарға өз өнерлерін көрсетіп, арнайы поэзия кешін ұйымдастырды.

Сондай-ақ, қонақтарға түркі тілдес елдерге ортақ мәдени мұра болып табылатын Қорқыт Атаның кесенесі таныстырылып, қобыздан күй шертілді.
Келешекте жоба аясында түркі халқының дәстүрлі мұрасы болып табылатын түрік мәрмәр өнері мен тоқудың мәдени интеграциясы жүзеге асырылатын болады, сонымен бірге Қазақстанда музыка сияқты жекелеген мәдени элементтерде жастардың қолданылатын дағдылары дамытылып, серіктес елдердің кескіндеме, театр және би өнері бойынша ақпарат алмасатын болады.

Жобаның жалғасы ретінде білім алушылардың академиялық ұтқырлық, халықаралық ғылыми семинар, оқытушылардың ғылыми тағылымдамасы қарастырылған және жыл сайынғы екіжақты ғылыми және мәдени жоба ретінде жоспарланды.

Айта кетейік, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне ресми сапармен АҚШ-тың Бас консулы Мишель Еркин ханым келді.Делегация Студенттер сарайында сирек кездесетін ғылыми кітапхана қорымен танысып, музейді көрді.Қонақтар университеттің халықаралық деңгейдегі жетістіктері мен мүмкіндіктерімен танысты. АҚШ пен Қазақстан университеттерінің, АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің және американдық кеңестің әріптестік бағдарламасының қолдауымен біздің университет АҚШ-тың Мичиган мемлекеттік университетімен бірлесіп ұйымдастырған "Қазақстандағы өңірлік университеттер үшін экология және қоршаған орта туралы ғылымдар бойынша негізгі оқу бағдарламаларын ілгерілету" атты жоба іске асырылды. Бұл жобаға Джордж Вашингтон университеті, Оңтүстік Дакота университеті, Нью-Йорктегі Пейс Университеті және Мейн университеті қатысты. 

2020-2022 жылдары АҚШ Елшілігі қаржыландыратын педагогикалық университетті дамыту бағдарламасы (pudp) аясында біздің 30 оқытушымыз 72 сағаттық оқудан өтті. Қазіргі олар Сырдария ауданы мен Қызылорда қаласы Ағылшын тілі мектептерінің оқытушыларын заманауи оқыту әдісіне үйретуде.

Сонымен қатар, екінші жыл Фулбрайт бағдарламасының стипендиаттары ағылшын тілін оқыту үшін үкіметаралық келісімдер негізінде АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігімен біздің университетке келеді.

Кездесуде тараптар ынтымақтастық мүмкіндігін кеңейту және білім және ғылым саласындағы байланыстарды нығайту аспектілерін талқылады.

Жиын соңында Бейбіткүл Сәрсемханқызы мұндай  іс-шаралар өзара тәжірибені байытуға және мәдени өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етеріне сенім білдірді. Олардың қолдауы мен университетке деген қызығушылығы үшін алғысын білдіріп, естелік сыйлық табыс етті.

 

Қорлан САРЫ
Фото: Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Тағы да оқыңыз: