Kyzylorda-news.kz Әбілдә Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасында 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін шыңдау және оларға естен кетпес көңіл-күй сыйлау мақсатында «Балғын балалық шақ» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Мерекеге «Жайна Құлыншақ» балалар бақшасының, «Айзере», «Медина» балаларды дамыту орталықтарының, сондай-ақ, Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің оқушылары қатысты. Балаларға арналған мерекелік кеште оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, балалар мен ата-ана, ұстаздарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Шарада сонымен қатар «Мол-Бақыт» дуэті көрермендерге ән шырқап, би билеп шараның қызықты өтуіне өз үлестерін қосты.

Сондай-ақ, мерекелік шараны қала мектептерінің жазғы лагерлерінде тынығушы балалар, кітапхананың белсенді оқырмандары, ата-аналар және ұстаздар тамашалады.

Шара соңында қатысушылар баланың дүниетанымын кеңейтетін, ақыл-ойын дамытып, шығармашылық қабілетін шыңдайтын «Балалық шақтың шуақты әлемі» атты кітап көрмесімен танысты. Көрмеге 300-ге жуық балалар әдебиеті қойылды.

Тағы да оқыңыз: