Kyzylorda-news.kz  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қоры ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Хангелді Әбжановтың «Алгорифм» баспасынан жарық көрген 5 томдық қазақ және орыс тілдеріндегі еңбектерінің жинағымен толықты.   

Шығармалар жинағының «Та­балдырық» атты 1-кітабына  ға­лымның 1979-1991 жылдары жаз­ған еңбектері топтастырылған. Бұ­ларда Қазақстан мә­дениеті мен интеллигенциясының, ауыл-селосы мен демографиясының тарихы зерделенген.

«Тағдыр» атты 2-кітабына Қазақстан тарихының өзекті тақырыптары, соның ішінде ХІХ-ХХ ғасырлардағы орын алған елеулі оқи­ғалар мен тұлғалар тағдыры сөз болады.

Шығармалар жинағының «Тұлға» атты 3-кітабы әр ғасырда өмір сүрген қырыққа жуық ұлы дала тұлғаларының мұрасы мен ұлттық та­рихтағы орны туралы. Деректер мен пайым-тұ­жырымдар Отан тарихындағы ақтаңдақтарды жоюға септеседі. 

Төртінші «Тарту» аталатын кітабында автордың тәуелсіздік тұсында жазған еңбектері топтастырылған. Ұлт тарихындағы бетбұрысты оқиғалар мен өзгерістер нәтижесі баяндалады.

Ғалым жинағының «Тарихшы» атты бесінші кітабына автордың еңбектері мен естеліктеріне қоса замандастарының ол туралы әр жылдары жазған ой-пайымдары, ықылас-ниеттері енген.

 

Қорлан САРЫ

Тағы да оқыңыз: