Фото: NIS

Kyzylorda-news.kz.  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2024–2025 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында оқуға үміткерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау үшін конкурс жариялайды.

Құжат қабылдау 2024 жылғы 8 қаңтардан 10 ақпанға дейін жүргізіледі. Кешенді тест 2024 жылғы 28, 29 наурыз күндері өтеді.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткердің заңды өкілі келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш

2) Сауалнама

3) Үміткердің туу туралы куәлігі, үміткердің ЖСН-і, үміткердің жеке куәлігінің (бар болған жағдайда) көшірмесі, заңды өкілінің ЖСН-і көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі.

4) Үміткердің 6-сыныптың бірінші жартыжылдықтағы табелінің көшірмесі. Табель тиісті білім беру ұйымы басшысының қолымен расталып, мөрімен бекітілуі қажет.

5) Көлемі 3х4 см. үміткердің 1 МБ (мегабайт) аспайтын графикалық файл түріндегі цифрлық фотосуреті немесе құжаттарды тапсыру кезінде қабылдау комиссиясында үміткердің фототүсірілімін орындау.

Барлық құжаттар пластикалық папкаға тігіліп тапсырылады.

Құжаттар Қызылорда қаласы Сұтан Бейбарыс көшесі 6 мекен-жайы бойынша қабылданады.

Жұмыс кестесі:

Дс-Жм: сағат 9.00-18.00 аралығында

Сб: сағат 9.00-13.00 аралығында

Үзіліс: сағат 12.00-13.00 аралығында.

Толық ақпарат www.nis.edu.kz веб-сайтындағы «Оқуға түсу» бөлімінен алуға болады.

Байланыс телефоны: 8(7242)40-23-75, 40-23-77

Тағы да оқыңыз: