Kyzylorda-news.kz. Қызылордадағы NIS оқушылары «Ахмет. Ұлт ұстазы» телехикаясының сценарисі Ұларбек Нұрғалыммен кездесті.

Оқушылар арасында сұранысқа ие жобалардың бірі – «Даналық бейсенбі» аясында Қызылордадағы Зияткерлік мектепке белгілі қазақ жазушысы және ақыны, Ахмет Байтұрсынов туралы алғашқы телехикаяның сценарий авторы Ұларбек Нұрғалым келді.

Тікелей эфирге NIS желісіндегі барлық мектеп оқушылары мен ата-аналары, мұғалімдері қосылды. Ұларбек Нұрғалым Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы тарихи деректермен бөлісті.

«Фильм түсіру барысында 6000-ға жуық мұрағаттық материалдар зерттелді. Режиссермен тығыз командалық жұмыстың арқасында біз ұлт мұғалімінің өз еліміздің дамуына қосқан үлесін жеткізіп, көрерменнің жоғары бағасын алдық», - Ұларбек Нұрғалым.

Кездесу барысында жазушы жастарды тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтардың, ал патриотизмді қалыптастыруда қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің рөлін ерекше атап өтті. Ұларбек Нұрғалым Зияткерлік мектептерді Тәуелсіздік жылдарында құрылған бірегей жоба деп атады.

«Өте таңдаулы мектепке сапалы білім алып, ғылымда шыңдалып, бірнеше тілді жетік меңгеруге мүмкіндік алдыңыздар. Сол білімдеріңізді келешекте пайдалана білу керек. Қазірден бастап болашақ мамандыққа деген көзқарасты айқындап алу қажет. Бүгінгі дайындаған іргетастарыңыз әрі қарай табысқа апарады», - Ұларбек Нұрғалым.

Оқушылар Ахмет Байтұрсынов туралы алғашқы телехикаяны ата-аналарымен бірге тамашалады.

WhatsApp Image 2022-11-16 at 12.41.08.jpeg
WhatsApp Image 2022-11-16 at 12.41.10.jpeg

Тағы да оқыңыз: