Kyzylorda-news.kz. Сыр өңіріндегі Назарбаев Зияткерлік мектебінде химия-физика пән бірлестігінің апталығы аяқталды. Оқушылар түрлі сайыстарда бақ сынасып, жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін арттырды. 

9-сынып арасында өткізілген «Тәжірибелік кабинеттер» байқауында оқушылары қызықты экперименттер көрсету арқылы сыни ойлауын дамытса, 7-сынып білім алушылары «Game drive» ойынында түрлі логикалық тапсырмаларды орындап, үздік команда атағына таласты. Ал 8-сынып өрендері ғажайыпқа толы ғылыммен физикалық және химиялық тәжірибелер арқылы танысты.

Таңертеңгі «Жұлдыз жорамал» акциясында оқушылар ұстаздарын алдағы күтілетін жаңалықтармен қуантты. Сондай-ақ, түрлі ғарыш апппараттарын құрастырып,  көпшілікке таныстырды және ұстаздарымен бірге мектеп ауласында 5 зымыранды көкке ұшырып, бақылап көрді.  

«Сұрақ бізден, жауап Сізден!» викторинасында оқушылар пән бойынша білімдерін сынап, қызығушылықтарын арттырды. Сондай-ақ, «Қызық екен» сайысында мектеп қызметкерлерімен бірге топтарда проблемалардың шешу жолдарын қарастырды. 

«Netflix-тегі химия» шарасында қатысушылар ақпараттық технологияларды қолдана отырып, ғылыми негіздегі фильмдерді тамашалады және түрлі деңгейдегі сұрақтарға жауап іздеді. 

Апталық соңында барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы Дипломдармен марапатталды.

337416493_619100859707013_1992857474141370846_n.jpg
337722631_211829801543345_6322259910549999001_n.jpg
337717017_1629695407452281_2687051424699245661_n.jpg

Тағы да оқыңыз: