Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бастамасымен «Ауыл базарлығы» жәрмеңкесі өтті. Оқушылар ауыл шаруашылығы өнімдерін әкеліп, мектеп қауымдастығына ұсынды.
Жатақханада тұратын оқушылар үшін бұл іс-шара туған жерінің өнімін таныстыруға мүмкіндік берді. Әр өнімнен ауыл тұрғындарының еңбегі мен отбасы лық дәстүрдің ізі байқалды.
«Ауыл базарлығы» оқушылардың туған жермен байланысын нығайтып, ауыл еңбегіне құрметпен қарау құндылғын арттыруға сеп болды.

