Kyzylorda-news.kz. Үкімет Нұр-Сұлтан қаласының кейбір білім беру ұйымдарына танымал тұлғалардың атын беру туралы қаулы әзірледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

“Ашық НҚА” сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, 8 мектепке қоғам және саяси қайраткерлердің есімін беру жоспарланып отыр. Олар:

№ 11 мектеп-лицейге – Өзбекәлі Жәнібеков;
№ 49 орта мектепке – Қошке Кемеңгерұлы;
№ 69 мектеп-гимназиясына – Кемел Ақышев;
№ 2 балалар музыка мектебіне – Роза Бағланова;
№ 3 балалар музыка мектебіне – Ермек Серкебаев;
№ 66 мектеп-лицейге – Дінмұхамед Қонаев;
№ 77 мектеп-гимназиясына – Фариза Оңғарсынова;
№ 83 мектеп-гимназиясына – Ыбырай Алтынсарин.
Қаулының жобасы 23 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр. Ал қол қойылғаннан кейін заңды күшіне енеді.

Тағы да оқыңыз: