Kyzylorda-news.kz.  «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Miras» аймақтық кеңесінің отырысы өтті.

Жиынға партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары Алтынбек Жарылқасынов, кеңес төрағасы Баймырза Қожамберлиев, аймақтағы кітапхана меңгерушілері мен кеңес мүшелері қатысты.

Кеңестің күн тәртібінде өңірдегі кітапханалардың жай-күйі қаралып, «Кітап-AMANAT» жобасы туралы кеңінен айтылды.

«Отанын сүйетін, жан-жақты дамыған адамды тәрбиелеу, бәсекеге қабілетті адами капиталы бар білімді және кітап оқитын ұлтты қалыптастыру мақсатында жастарды жүйелі түрде кітап оқуға баулу партия міндеттерінің бірі болып табылады.  Тұжырымдама «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының Жол картасының «Құндылықтары ортақ, біртұтас қоғамның мүшесі болу» атты 7-бөліміне сәйкес, сондай-ақ «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын жүзеге асыру контекстінде басталып, іске асырылуда. «AMANAT» партиясы 2024 жылды «Отбасылық кітап оқу жылы» деп жариялауға бастамашылық етеді.»-деді Атқарушы хатшының орынбасары Алтынбек Жарылқасынов.

Мұнан соң аймақтағы кітапханалардың жай-күйі туралы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Нұрлыбек Мыңжас баяндама жасады.

Кеңестің отырысына ұсынылып қаралған мәселелер бойынша қатысушылар тарапынан ұсыныстар айтылып, хаттамаға енгізілді.

2d427f66-e5a5-4c17-8955-66b503fe9506.jpg

Тағы да оқыңыз: