Kyzylorda-news.kz. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Мен таңдаған мамандық» байқауы қорытындыланды.
Оқу ордасында білім алушыларға «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығының маңыздылығын түсіндіру мақсатында өткен сайыс 4 кезең бойынша өтті. Аталған іс-шараға жергілікті өндіріс өкілдері, жұмыс берушілер және мектеп оқушылары қатысты.
Байқауға «Qazaq vibe», «Эскимо» және «Balqaimaq» тобы қатысқан болатын. Байқау әділ қазылар алқасының шешімі бойынша «Balqaimaq» тобы жеңімпаз атанды.
«Қазір ғылым мен технологияның дамуы – қоғамда жаңа мамандық иелеріне сұраныс туғызуда. Сондықтан елімізге қажетті маман даярлау ісіне басымдық берудеміз. Жастардың мықты маман, жан-жақты тұлға болып қалыптасуы біздің ерекше назарымызда», - деді басқарма төрағасы-ректор Бейбіткүл Кәрімова.
Қазіргі таңда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша 146 студент білім алып жатыр. Қазіргі таңда студенттер 4-курстан бастап еңбек нарығына қосылып, өз саласы бойынша жұмыс істеуде. Жастардың жұмысқа орналасу деңгейі 85 пайызды құрап отыр.