Kyzylorda-news.kz  Студенттер сарайында “Мен сені сүйем, өмір” атты қайырымдылық концерті өтті. Іс-шараның ұйымдастырылуына Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ұйытқы болды.

Қайырымдылық шараға оқу орнының талантты жастары қолдау көрсетті. Өнерпаздар сахнада жоғары деңгейде өнер көрсетіп, кеш қонақтарына тамаша көңіл-күй сыйлады.

Концерттен түскен қаржы әнші Азамат Құрманбекұлының еміне, сонымен қатар анасының көз жанарын емдеуге жұмсалады.

Азамат Құрманбекұлы концертті ұйымдастыруға қолдау көрсеткен университет ұжымына және рухани-материалдық қолдау көрсеткен барша қайырымды жандарға алғыс білдірді.

Мен сені сүйемін өмір.jpg

Тағы да оқыңыз: