Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының Полиция департаменті мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті арасындағы меморандум негізінде  «Құқықтану» мамандығы студенттеріне дуалды оқыту бойынша дәрістер жүргізіліп келеді.

Осы ретте Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Амангелді Досжанов 3-курс студентеріне  кезекті дәріс оқыды. Кездесуде 2023 жылғы 17 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық сот ісін жүргізу, жаза атқару саласындағы адам құқықтары, сондай-ақ азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттердің алдын алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына түсіндірме жасады.

Дәріс барысында  Амангелді Асқарұлы  заңда енгізілген қысқа хаттаманың толтырылуын, тұрмыстық салада жасалған қылмыстар, жаппай тәртіпсіздікке шақыру, ерекше арсыздықпен жасалған адам өлтіру мен бандитизм үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейтін түзетулерге  тоқталды. Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабына (Азаптау) «қатыгез немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас» құқық бұзушылықтың жаңа құрамы енгізілгенін атап өтті.

Кездесу соңында полиция полковнигі студенттердің сауалдарына жауап беріп, өзара пікір алмасты.

336924557_6030880630338044_8236832758924117405_n.jpg

 

336555699_879361223154293_250194993839949777_n.jpg

Тағы да оқыңыз: