Kyzylorda-news.kz  М.Мәметова атындағы Қызылорда пеадагогикалық колледжінде «Мектепке дейінгі педагогика»  ПЦК-ның  «Жаңа формация педагогы – кәсіби маман даярлаудың алғышарты»  атты апталығы аясында «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жүргізілетін нейрогимнастикалық жаттығулар» тақырыбында мектепке дейінгі ұйым мамандарымен бірлескен тәжірибелік алаң өтті. 

Мақсаты - болашақ мамандардың  педагогикалық шеберлігін арттыру, яғни мектепке дейінгі ұйымдарда кездесетін қалыпты және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жүргізу кезінде қолданылатын нейрогимнастикалық жаттығулардың дұрыс қолдана білу және жүргізілу ерекшеліктері туралы ой бөлісіп тәжірибе аламасу.

Тәжірибе алаңына «Алпамыс» бөбекжай-бақшасының психолог маманы Төлегенова Фатима, «Сыр бөбегі» бөбекжай-бақшасының логопед маманы Тулешова Динара,  «Әдістемелік кабинет» меңгерушісі  Ешпанова Рима,  әдіскер Башарова Гүлшара және бөлім оқытушылары мен студенттері қатысты. 

Бөлім оқытушысы Мукушева Аминаның ұйымдастыруымен өткен шарада өндіріс орындарынан келген сала мамандары жеке тәжірибесімен бөлісіп, болашақ педагогтарға  ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жүргізілетін нейрогимнастикалық жаттығулар түрлері  және квест ойынының бала санасының дамуына әсері, ми жүйесінің қызметі мен даму жүйесі туралы көптеген ақпарат берілді. Болашақ мамандармен бірге бірнеше ойындар ойнату, жаттығулар орындау барысында ерекше оқытуды қажет ететін балалармен қарым-қатынас жасау, назарын аударту, оларға білім берудің ерекшеліктері жайында түсіндірілді.

 

Қорлан САРЫ

Тағы да оқыңыз: