Kyzylorda-news.kz.  «Қазақта «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген сөз бар. Сондықтан мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы керек. Алайда бізде 2-ден 6 жасқа дейінгі балалардың жартысынан астамы ғана балабақшаға барады. Мұндай олқылыққа жол беруге болмайды. Оған қоса тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейту керек. Осы саладағы мамандарға қойылатын нақты талаптар бекітілуге тиіс. Олардың жұмыс жүктемесін де біртіндеп азайтқан жөн. Өз ісіне адал ұстаздар білім беру саласының дамуына зор үлес қосады», деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы. Осы ретте Арал қаласындағы Шағала балалар-бөбекжайының бір күндік жүмысымен танысып қайтқан едік.

Таңертеңгі 8:30 шамасы. Бұл уақыт балабақша қызметкерлері үшін қайнаған жұмыс қызатын сәт. Ата-аналар легі балаларын балабақшаға әкеліп жатыр. Тәрбиешілер олардың әрқайссысын қабылдап алып, сырт кейімдерін шешіп, өз топтарына орналастыруда. Менде балабақшаның бір күнімен таныспақ болып «Шағала» балабақшасына келдім. Мұндағы мұнтаздай тазалық, қызметкерлердің жылы шырайы мені баурап әкетті. Балабақшаның психологы Гүлбану Ташаова қарсы алып, таныстыра бастады. 

Балалар бақшасы. Іші ерекше әсемделген. Ғажайып ортаға түскендей әсер қалдыратын көріністер. Бала қиялын дамытатып, қоршаған ортаны танып білуге тәриелейтін түрлі құралдар мен көрнекіліктер бәрі де қолдан жасалған. Жайлап мұндағы топтармен таныс бастадым. «Шағала» балабақшасына балалары 3 жаста бастап қабылдайды. Ең төменгі топ та 3 жастағы балалар тәрбиеленеді. Мұнда әлі сөйлеу тілі қалыптаспаған, ұғыну, түсіну қабілеті де жетіле қоймаған балалар да бар.  Тәрбиешілер оларды ойнатып, сурет салдырып, жаттығулар жасатуда. Тіпті кей балалар «апалап» жылап жатыр. Оларды да жұбатып, топқа қосқан тәрбиешіге қарап қайран қалдым. 

Бұдан әрі 4- 5 жастағы балалар тәрбиеленіп жатқан «Күлше қыз» тобына аялдадық. Қызықтың бәрі осында екен. Кәбинет іші бала қабілетін дамытатын құралдармен жабдықталған. Табиғат бұрышында бөлме гүлдер өсірілген. Балалар күнделікті осы гүлдердің шаңын сүртіп, су құйып, топырағын ауыстып үйренеді. Осы арқылы табиғатты аялауға тәрбиеленіп келеді. Және жол ережелерін үйертенін бағдаршам, жол жолағы белгіленген бұрыш, баланың интеллектуалдық қабілетін дамытатын ойыншық түрлері бар. Ең қызығы арнайы дүкен бұрышы мен балаларды кір жауға, үй жинауға үйретенін ойыншық түрлерімен қамтылған.

– Біз баланы ойната отырып, қоршаған ортаны танып білуге үйретеміз. Мәселен мына затқа назар аударсаңыз. Мынау қарапайым кір жаятын орын. Ілгіштер. Бұл ілгіштерді қыстыру, ашып, жабу саусақтардың қимылын көбейтеді. Тиісінше саусақтың бойында бала тілінің шығуын жетілдіретін нүктелер бар. Ал мына жерде балалар театры деп айтуға болады. Қолға киілетін қуыршақтар арқылы балалар саханлық қойылым қойып үйренеді , - деген Гүлбану осындағы әр бұрыштың қызметін таныстырып берді. 

 Біз келгенде балалар тегіс дастарқан басына отыр екен. Әдептілік танытып орындарынан тұрып амандасты. Сонан соң таңертеңгілік астарын ішіп, бата қайырды. Мұнан әрі әр бала өзінің орынына жайғасты.  Олар алтын күз мерекесіне әзірлік үстінде екен. Топ ішінде бірі ән айтып, би билеп, тақпақтарын жаттап дайындалып жатыр. 

– Қараңызшы балалар сондай керемет жандар ғой. Олар үйдің айнасы. Бұлардың қызығы да, шыжығы да таусылмайды. Балалы үйдің ұрлығы жатпас демекші баладан ештеңені жасыра алмайсың. Сондай тәтті қылықтарымен, білдірлаған тілдерімен бізді де көңілдендіріп жүреді. Біз балаларға 3 тілде амандасуды, санауды тағыда басқа көптеген қарып қатынаста қолданылатын сөздерді үйретеміз. Балалардың мінезі сан-алуан. Оларды баурап әкету оңай емес. Десе де біз әрбірін жеке зерттеп тілін табуға тырысамыз, - дейді тәрбиеші.

Топ баланың ішінде Нұрислам есімді кішкентай балақай ерекше көрінді.  Бүгін оның туылған күні екен. Бес жасқа толған Нұрислам аталмыш балабақшаға 3 жасынан бастап келген. Апайларының бір баласындай болып кеткен баланың ұстаздарының да танымдық қабілетін барынша ашқандығы анық байқалады. Тілі анық, шығармашылық қабілеті жоғары. Ол алтын күзде жапырақтар биін билейді екен. Бұған қоса хорда ән де айтады. Бәріне үлгеріп жүрген өнерлі балақай апайларын да досарында жақсы көретіндігін айтты. 

Балалар бір сәт таза ауамен тыныстап, балабақша ауласындағы ойын алаңында ойнап та қайтты. Әне міне дегенше түскі ас та дайын болды. Қолдарын жуып, үстел басына жайғасқан оларға бір-біріне астарының дәмді болуын тілесті.  Мұнан соң жатын бөлмеге бет алдық. Жылы, жайлы бөлмеде әр баланың өз орыны бар. Нөмірлеген керуеттерде мұнтаздай етіп жиналған төсек жылы көрпеше мен жұмсақ жастық. Балабақша тәрбие мен тәртіпті өскелең ұрпақ бойына қатар сіңіретіндігінің дәлелі болар әр бала өз орнына жатын киімдерін киіп жайғасты. Апайлары оларға ертегі оқып берді. Балалар біртіндеп ұйқыға кетіп жатыр. Одан соң тәрбиешілер мен олардың көмекшілері балаларға жаңа ойын түрлері мен сабақтарын әзірлеп қойды.  

Ұйқысынан тұрып, жуынып, тамақтанып болған соң балалардың ата-аналары да қылаң бере бастады. Біртіндеп апайларымен «сау болыңыз» дескен балалар үйлерін қайтып жатыр. 

Кейде біз өз балаларымыздың ерелігімен тосын мінезіне шыдамсыздық танытып жатамыз. Ал  бала жанының бағбаны болған бұл жандардың жұмыс күні осылай өтеді. Таңнан бастап кешке дейін әрбір үйдің еркесін аман –сау ата-анасына табыстау олардың мойынына артылған ең басты жауапкершілік. Бала бойына тал бесіктен тәрбиені сіңірген жандардың еңбегі құрметтің ең жоғарысына лайық екендігіне көзім жетті.

Тағы да оқыңыз: