Kyzylorda-news.kz. Өткен жылдың қорытындысымен облыстық білім басқармасы тарапынан жалпы білім беретін орта мектептердің рейтингі шығарылған. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов мәлімдеді.

«Білім ұйымдарының рейтингін шығару барысында білім беру сапасы, ҰБТ-ның қорытындысы, оқушылардың олимпиада мен ғылыми жоба, спорттық сайыстарда жеткен жетістіктері, балалардың жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың, қылмыстың тіркелуі, педагогтардың кәсіби білімін байқайтын байқаулардағы жетістіктері назарға алынды. Қорытындысымен облыс көлемінде санаулы мектептердің жұмысы жолға қойылған. Басым бөлігінде жүйелі жұмыс жоқ екенін көрсетті. Рейтинг нәтижесінде 81 мектепте соңғы үш жыл көлемінде оқушыларының да мұғалімдерінің де облыс деңгейінде бірде-бір нәтиже көрсетпегені анықталды. Оның ішінде 7 мектепте оң нәтиже көрсетпегенімен қоймай теріс бағыттағы жағдайлар орын алған», - деді Асқарбек Темірбекұлы. 

Басқарма басшысының айтуынша жалпы орта білім беретін мектептердің 58-і лицей, гимназиялар. Оның ішінде рейтингтегі орта деңгейлі 29, төмен дейгейде 4 лицей-гимназия бар. Мемлекет тарапынан барлық білім беру ұйымдарына теңдей мүмкіндіктің жасалып жатқанын ескерсек нәтиже көрсетпеген мектеп басшыларының қызметіне бағалау жұмыстары жүргізілуде. 
 

Тағы да оқыңыз: