Kyzylorda-news.kz. Білім және ғылым министрлігі мектеп оқушыларының қысқы демалыс мерзімі қанша уақытқа созылатынын жариялады.
“Қысқы каникул кезінде оқушылар 2021 жылғы 30 желтоқсан мен 2022 жылғы 9 қаңтар аралығында 11 күн демалады. Бірінші сынып оқушылары үшін 2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында қосымша 7 күн каникул беріледі”, – делінді министрлік баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, Қазақстанда балаларды ковидке қарсы вакцинациялау жүргізіліп жатыр. Денсаулық сақтау саласының экс министрі Алексей Цой бұған дейін вакцина егу тек ата-аналардың жазбаша келісімімен жүргізілетінін мәлімдеген болатын.