Kyzylorda-news.kz. Оқушылар үшін 2020 жылғы күзгі демалыс өткен жылмен салыстырғанда бірнеше күнге ұзара түсті.
“Оқушылардың күзгі демалысы он күн. Қарашаның 5-нен 14-не дейін жалғасады”, – делінген министрлік хабарламасында.
Былтыр күзгі демалыс 28 қазанда басталып, 3 қарашада аяқталған.
Жалпы, биылғы демалыс күндеріне байланысты хабарламалар мессенджерлерде жиі таралуда. Мұның басты себебі коронавирустық пандемия болды.