Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда 1-сынып оқушыларына ақпан айында қосымша қысқы демалыс беріледі, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.

Мектептерде III тоқсан 8 қаңтарда басталған болатын. Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады.

"1-сыныпта білім алатындарға 2024 жылғы 5-11 ақпан аралығында (күнтізбелік 7 күн) қосымша демалыс беріледі", - делінген хабарламада.

Айта кетері, бүлдіршіндерге үшінші тоқсанда бір апта қосымша демалыс жыл сайын беріледі. Осылайша 2023-2024 оқу жылында бірінші сынып оқушылары 33 апта, 2-11 (12) сыныптар 34 апта оқиды.

38635284_0_0_1201_1837_1440x900_80_0_1_157e68b16d3dc947e61aaadcc63bae37.png.webp

Дереккөз: Sputnik

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: