Kyzylorda-news.kz Сырдария аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ә.Тәжібаев атындағы №36 Әбділдә Тәжібаев атындағы мектеп-лицей базасында «Айбын – 2024» әскери-патриоттық жастар жиыны өткізілген болатын. Аудандық жастар жиынына барлық білім беру ұйымдарынан 75- тен астам оқушы қатысты. Жастар жиынын облыстық білім басқармасының тәрбие,спорт және қосымша білім беру орталығының әдіскері Н.Маханбетов және «Жас сарбаз» әскери-патироттық қозғалысының ҚОФ-ның жетекшісі Ж.Жаңабай сөз сөйлеп, ашып берді.
– Бейбіт күнде мектеп оқушыларына әскери әдіс-тәсілді меңгерту – маңызды рөл ойнайды. Жыл сайын өткізілетін «Айбын – 2024» әскери-патриоттық жастар жиыны Сырдария ауданында жалғасын тапқанына бек қуаныштымыз. Жиын барысын мектеп оқушылары әскери әдіс-тәсілдерді орындаудан жарысқа түсіп, жеңімпаздар қатарынан көрінетіндігіне сенім білдіреміз, – деді облыстық білім басқармасының тәрбие,спорт және қосымша білім беру орталығының әдіскері Н.Маханбетов.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі І орынды № 37,130,191 мектептердің құрама командасы, ІІ орынды № 42,139,147,174 мектептердің құрама командасы, ІІІ орынды № 126,131,137 мектептердің құрама командасы жеңіп алды.
Жеңімпаз командалар І,ІІ,ІІІ орын дипломдары, медаль және арнайы кубоктармен марапатталды.
