Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет облыс орталығындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына барды. Ұстаздармен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Басқарма басшысы ең алдымен Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжіне барды. .Аталған оқу орнының ғимараты пайдалануға берілгенен бастап мүлдем күрделі жөндеу көрмеген. Оқу орынның жағдайымен танысқан Мейрамбек Зинабдинұлы жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуді тапсырды.​

​ ​ ​ ​
Бұдан бөлек басқарма басшысы М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжіне ат басын бұрды.

Колледж директоры Жақсыгүл Коханқызы оқу ордасының соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктерін тілге тиек етіп, «Құзіреттілік орталығы» және «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының «Дуалды оқыту алаңының» жұмыс барысын атап өтіп, студенттердің енгізген жаңа  жобаларымен таныстырды.

Облыстық білім басқарма басшысына М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің кітапхана жүйесімен, кітап оқуға қатысты «Оқуға құштар орта» жобасымен және оқу орнының «Co working» орталығының мақсат – міндеті және жоба бойынша онда ұйымдастырылатын жұмыстар жайлы хабардар етілді. Сонымен қатар, Мейрамбек Зинабдинұлына «Білім нұры» педагогикалық сабақтастық галереясы жайлы таныстырылып, жан-жақты мағлұмат берілді.
⚜️Басқарма басшысы колледжді аралау барысында алдымен сабақ барысы, студенттердің жатын орындары мен жылыту маусымына дайындығын пысықтап, колледж асханасының ас мәзірімен танысты. Сондай-ақ, білім ошағының тыныс-тіршілігін бақылап, үйірме жұмыстары мен мәжіліс залы, спортзал және колледж жанындағы шеберхана жұмысымен де танысты. 

Өз кезегінде, облыстың бас ұстазы әріптестеріне жұмыс барысында сәттілік тілеп, студенттердің сапалы білім алуын жіті назарға алатынын алға тартты.

Басқарма басшысы одан әрі И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық жоғары колледжінде болды. Студенттердің шығармашылық жұмыстарымен танысып, «Жас маман» жобасы аясында алынған құрал-жабдықтарды көрді.
Колледж басшыларына дуалды оқыту жүйесін дамытып, материалдық-техникалық базаны нығайтуды, тазалықты күшейтуді тапсырды.

311460733_1466676433835557_6803270595882885171_n.jpg
311165816_1466672693835931_6137066088497954853_n.jpg
310827953_1466673277169206_373614892281736115_n.jpg
311273860_1466673190502548_6430910497868587665_n.jpg

Тағы да оқыңыз: