Kyzylorda-news.kz   “Еңбек мобильділігі” орталығының филиалдары “Мансап орталығы" атауымен өз жұмыстарын бастағанына көп уақыт болмаса да онда жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Аталмыш орталық тұрғындарға атаулы әлеуметтік көмек бағытында қызмет көрсетіп, жұмыспен қамтуға жәрдемдеседі. Осы орайда «Сырдария аудандық Мансап" орталығы филиалының атқарған жұмыстары туралы бөлім басшысы Еркебұлан Дәуітбекұлымен сұхбаттасқан едік.

– Еркебұлан Дәуітбекұлы, аудандағы "Мансап" орталығы туралы жалпылама айтып өтсеңіз.

– 2023 жылдың 23 сәуірінде Қазақстан Республикасының «Әлеметтік Кодексі» қабылдануына байланысты 1 шілдеден бастап «Еңбек мобильдігі орталығы» құрылды. «Сырдария аудандық Мансап» орталығы филиалы 2023 жылдың 11 шілдесінде Әділет басқармасына тіркеліп өз жұмысын бастады. Жұмыспен қамту орталығының жабылуына байланысты барлық белсенді шараларға қатысушылармен жасалған келісім шарттар тоқтатылып (2023 жылдың 30 маусымнан), Кодекске сәйкес Еңбек мобильділігі орталығы 1 шілдеден бастап бағдарламаға қатысушылармен 343 келісім шартқа қайта отырды.

– Жұмыспен қамту бойынша аудандағы ахуал қандай?

– 2023 жылы 1056 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланып 1083 адам қамтылды. Оның ішінде «Жастар тәжірибесіне»  140 жасты жастар тәжірибесінен  өткізу жоспарланып, 141 жас жолданды, жоспар 100,7 пайызға орындалды.  2024 жылдың 1 қаңтарына  121 жас  жастар тәжірибесін жалғастырды. Ал «Әлеуметтік жұмыс орындарына» жоспарланған  32 адамды қамту көзделіп, жоспар 100 пайыз орындалды. «Қоғамдық жұмыстарға» 806 адамды қамту жоспарланып, 833 адам қоғамдық жұмысқа тартылды, жоспар 103,2 пайызға орындалды. «Алғашқы жұмыс орындарына»  25 адам жолданып, жоспар толықтай орындалды. «Ұрпақтар сабақтастығы» бойынша 3 адам жоспарланып,  жоспар  толықтай орындалды. «Күміс жас» жобасы бойынша  жоспарланған 50 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 100 пайызға орындалды, 2024 жылға 27 адам жұмыстарын жалғастыруда.   Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысушылардың қаржылары «Еңбек мобильділігі орталығы» арқылы  толық төленді.

– Көрсеткішкер көңіл көншітерліктей екен. Ал жұмыссыз ретінде тіркелушілер көп пе?

– 2023 жылы жұмыссыз ретінде 2572 адам тіркелді. Жұмыссыз азаматтардың ішінен жұмыс берушілердің сұраныстарының талаптары мен мамандықтарына сәйкес келетіндерін жұмысқа орналасуларына ықпал жасалды. Жыл аяғында  306 адам жұмыссыз ретінде тіркеуде қалды. 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жұмыссыз ретінде тіркелгендерге статус беру, мүгедектігі бар адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған пробация есебінде тұрған адамдарды аудан әкімінің қаулысымен бекітілген квотаға сәйкес жұмысқа орналастыру аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құзіретінде болса, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап осы аталған жұмыстардың барлығын "Мансап" орталығы атқарып квотаға сәйке тізімдегі мекемелерге 10 мүгедектігі бар адам және пробация есебінде тұрған 4 адам жұмыспен қамтыды. Сонымен қатар жұмыс іздеушілерді, жұмыссыздарды тіркеу және жұмыс берушілердің бос жұмыс орындарын enbek.kz порталына уақытылы жариялауына ықпал жасап еңбек делдалдығын жүзеге асырады.

– Ауданымызда кәсіпкерлік көкжиегі дамып келеді. Осы ретте жаңа бизес идеяларын іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтсеңіз?

– «Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру» тетігі бойынша 2023 жылғы 1 шілдеге дейін 72 адамға грант қаражаты берілсе, 2023 жылдың қазан айында ұйымдастырылған конкурс нәтижесімен 72 адам грант алды. Шарт талаптарына сәйкес грант иегерлеріне мониторинг жұмыстары 3 айдан соң жасалу керек. Бұдан бөлек, жалпы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысушыларға ұдайы түрде жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесінде бағдарламаға қатысушы 69 адамның (жұмысқа қатысу тәртібін сақтамаған) келісімшарттары бұзылып, жұмыстары тоқтатылған.

– Атаулы әлеуметтік көмек ше?

– 2023 жылы атаулы әлеуметтік көмек барлығы 201 отбасына (1160 адам) тағайындалған. Оның ішінде шартты ақшалай көмек 182 отбасы, шартсыз ақшалай көмек 19 отбасы, 48 адам қоғамдық жұмысқа, 43 адам тұрақты жұмысқа тартылған. Облыс әкімінің орынбасары М.Шермағанбетовтың төрағалығымен өткен мәжіліс хаттамасында АӘК алушылар санын 30 пайызға дейін төмендетуге берілген тапсырмасына сәйкес жұмыстар жүргізіліп аудан бойынша көрсеткіш 31,0 пайызға төмендеген. 2024 жылғы 1 наурызға атаулы әлеуметтік көмек барлығы 96 отбасына (551 адамға) тағайындалған, оның ішінде шартты ақшалай көмек 85 отбасы, шартсыз ақшалай көмек 11 отбасы, 41 адам қоғамдық жұмысқа, 11 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Облыс әкімі Н.Нәлібаевтың төрағалығымен өткізілген мәжіліс хаттамасының тапсырмасына сәйкес Сырдария ауданы бойынша АӘК алушылар санын 17,2 пайызға төмендету жоспарланса 1 наурызға бұл көрсеткіш 29,3 пайызға төмендеді.

– Биылға жоспар қандай, бөлісе отырсаңыз?

– 2024 жылы 1090 жұмыссыз адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланып отыр. Оның ішінде 195 жасты «Жастар тәжірибесіне» өткізу жоспарланып 1 наурызға 17 жас "Жастар тәжірибесіне" жолданды. «Әлеуметтік жұмыс орындарына» 34 адамды қамту көзделіп 1 наурызға 6 адам жолданды. «Қоғамдық жұмыстарға» 600 адамды қамту жоспарланып 1 наурызға 542 адам жолданып жоспар 90 пайызға орындалып отыр. «Алғашқы жұмыс орындарына» 26 адамды орналастыру жоспарланып отыр. «Ұрпақтар сабақтастығы» бойынша 3 адам жоспарланып, 2024 жылғы 1 наурызға 3 адам жолданып жоспар 100,0 пайызға орындалған. «Күміс жас»жобасы бойынша 52 адам  жоспарланған 1 наурызға 7 адам жұмыс жасап жатыр. 2024 жылы 1 наурызға "Мансап" орталығына 1836 адам хабарласып, 1428 адам жұмыссыз ретінде тіркелген және жұмыссыз статусына сәйкес келмейтін 200 адам (МЗЖ салған, жеке кәсіпкерлік ашқан т.б) тіркеуден шығарылған.

Жоғарыда атап өткендей бұған дейін квота аудан әкімімен бекітіліп келсе, енді Облыс әкімімен бекітіледі. Осыған сәйкес, облыс әкімінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы қаулсысымен бекітілген квотаға сәйкес  Сырдария аудандық білім бөлімінің №210 мектеп 1 адам, №147 мектеп 1 адам, №44 мектеп 1 адам, Тереңөзек кенті әкімінің аппараты 2 адам (1квота орындалды), Сырдария аудандық ауруханасы 6 адам. Барлығы мүгедектігі бар 11 адамды және пробация есебінде тұрған 4 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған. Бүгінгі күнге квота бойынша 1 адам ғана жұмысқа  орналасып отыр. «Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру» тетігі бойынша 146 адамды қамту жоспарланып 2 лек бойынша конкурс ұйымдастыру межеленіп отыр. Грант конкурсына қатысуға үміткерлердің өтініштері 1 лек бойынша ағымдағы жылдың 15-26 сәуір аралығында, 2 лек бойынша 12-23 тамыз аралығында  enbek.kz порталы арқылы қабылданады.

Сондай-ақ қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың жоспары – 25 адам. Қазіргі таңда жұмыс берушілердің сұраныстарына байланысты  «Тракторис-машинист» мамандығы бойынша аудандық агро-техникалық колледжде оқыту жоспарланып, бүгінгі күнге 14 адам тіркеліп құжаттары қабылданды, қалған 11 адаммен жұмыстар жасалуда.

– Конкурстық грант алып, шарт талаптарын орындамайтындарға қандай шара қолданылады?

– 2023 жылдың қазан айында ұйымдастырылған конкурс нәтижесімен грант алған 72 кәсіпкерге мониторинг жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде шарт талаптарын бұзған 4 адам сотқа беріліп, сот ұйғарымы шықты, шешімі күтілуде. Бағдарламаның белсенді шараларымен қамтылғандарға, яғни субсидияланған жұмыс орындарына қатысушыларға мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп 1 наурызға 2 адамның келісім шарттары бұзылып, жұмыстары тоқтатылған.

– Уақыт бөліп, арнайы сұхбат бергеніңізге рахмет. Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!

– Аудандық "Мансап" орталығының филиалы өз жұмысын толыққанды атқаруда және жоспарланған көрсеткіштерге нәтижелі қол жеткізу үшін жұмыстар өз кезегімен жалғасын табады.

 

Тағы да оқыңыз: