Kyzylorda-news.kz «Сыр елі – достық мекені» республикалық Ассамблея жастар форумының аясында «Болашақ» университетінде маңызды секциялық отырыс өтті. Басқосу жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын арттыруға, жастардың кәсіптік бағдарын айқындауға арналды.
Шараға әр өңірден келген жұмысшы мамандық иелері мен студенттер қатысып, университеттің инфрақұрылымымен, арнайы кабинеттермен, жылыжай жұмысымен танысты.
Отырыс модераторы – «Amanat» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының Қызылорда облыстық төрағасы Әсет Баймұрза болса, негізгі спикер «Республика» партиясының БҚО филиалының жетекшісі Дулат Макатов.
Биылғы «Жұмысшы мамандықтар жылы» тақырыбына орайластырылған секцияда қатысушылар мамандық таңдаудың маңыздылығы, еңбек нарығындағы сұраныстар мен болашақ мүмкіндіктері туралы ой бөлісті. Секция «Кәсіптік бағдар – табысты өмірге бастар жол» деген оймен қорытындыланды.