Kyzylorda-news.kz. Бүгін магистратура бойынша мемлекеттік білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды.
Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша берілген. Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, журналистер және Қазақстан Студенттер альянсының өкілдері кірді.
Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына барлығы 2029 адам қатысса, коммиссия қорытындысы бойынша 1774 үміткер мемлекеттік білім беру грантының иегері атанды. Оның ішінде бейіндік магистратура бойынша – 100 грант.
Оқуға құжат қабылдау 10 қаңтарға дейін жүзеге асырылады, ал оқу ЖОО-ның академиялық күнтізбесіне сәйкес басталады.
Грант иегерлерінің толық тізіммен мына сілтемеге өту арқылы танысуға болады.