Мұстафа Шокай 1920 жыллары алғаш рет ат басын бұрған Еуропадағы қазақ қоғамына жүз жылдан асты. Осы орайда Лондонда Біріккен Корольдік Қазақ түрік қауымдастығының бастамасымен  конференция ұйымдастырылады. Конференция сәуір айының 27-і болады.

ХХ ғасырдағы Түрік әлемінің маңызды зиялылары мен мемлекет қайраткерлерінің көш басшыларынан бірі Мұстафа Шокайдың өмірі мен шығармашылығына бүгінгі таңда қызығушылық артуда.

Мұстафа Шоқай – бүкіл түркі әлемінің тарихи тұлғасына айналған біртуар азамат. Алаш партиясында болды, Түркістан автономиясының басында тұрды. 21 жыл Еуропада эмиграцияда жүріп, қазақтың бостандығы үшін күрескен тұлға. Мұстафа Шоқай қазақ тарихында саяси қайраткер, түркі халықтарының біртұтас идеясының авторы және сол үшін күресуші ретінде аты қалды. Ол Кеңес Үкіметі кезінде халық жауы атанып, қуғынға ұшыраған, күні кеше ғана есімдері ақталып, халқына оралған Алаш қайраткерлерінің бірі.  Бүгінде Мұстафа Шоқайдың еңбектерінің біразы Франциядағы кітапханада сақтаулы. Шоқайдың еңбектерін зерттеуге қазақстандық ғалымдар ғана емес, шетелдіктер де көп келетін көрінеді. Мұстафа Шоқай бірнеше тілде еркін сөйлеп, полиглот болған. Орыс, неміс, ағылшын, француз, түрік, өзбек тілдерін білген. Көптеген тілдерді білуіне байланысты Мұстафа Шоқайға Парижде, Лондонда, Стамбулда, Варшавада аналитикалық шолулар жасауға және баяндамалар жасауға мүмкіндік туды. Шетел басылымдарында саяси шолулар мен Түркі әлеміне байланысты зерттеулерді жариялап тұрған.

Мұстафа Шоқай талай рет келіп Түркістан тәуелсіздігі туралы ағылшын зиялыларымен бас қосып конференцияларда сөз сөйлеген Лондонда, 1941 дүниеден өткеннен кейін, алғаш рет ол туралы бас қосу болмақ. Конференция сәуір айының 27-і болады. 

Айтулы іс-шарада оның ағылшын тіліндегі кітабының да тұсаукесері жасалмақ.

Айта кету керек, Мұстафа Шоқай 1889 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылында дүниеге келген. Алаш қозғалысы қайраткері, Түркістан өлкесі халықтарының азаттық күресі жетекшілерінің бірі, публицист. Бүгінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Мұстафа Шоқайға арналған ғылыми зерттеу орталығы бар.

 

Қорлан САРЫ

Тағы да оқыңыз: