Kyzylorda-news.kz  Сөз бен бейненің құдіреті шексіз әлемде инклюзивті білім беру және әлеуметтік теңсіздікпен күресуге бағытталған жобалар көбеюде. Қызылордалық оқушылар ерекше білімді қажет ететін баларға арналған инновациялық жоба ұсынды.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған жоба

«Байтерек School» дарынды балаларға арналған мектеп интернатының 9-10 сынып оқушылары Нұрсана Серікқызы, Гүлдерайым Тәжібай, Назгүл Жұмағалиева ерекше білімді қажет ететін баларға арналған инновациялық жоба ұсынды. Жоба атауы  «Literabot: жарқын болашаққа үміт». Мақсаты  жасанды интеллектінің көмегімен жазылған комикстер арқылы Қазақстанда әлеуметтік жетімдік, тенсіздік пен буллингті түбегейлі жою. Осы мәселелердің статистикасын азайту мақсатында «АНА ҮЙІ» қоғамдық қоры мен Inclusive.people демеушілік жасауға дайын екенін жеткізді жоба жетекшісі әрі орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Гүлнар Серікболова.

Комикстер  өзіңізді білдірудің және идеяларды жүзеге асырудың өзгеше құралы. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар бұл жанр арқылы жаңа оқу тәсілін меңгереді. Комикс жасау жобаға қатысушылардың шығармашылық ойлауы мен өзін-өзі көрсетуіне ықпал етеді. Комикстерді әлеуметтік медиа арқылы жариялау оларға кең аудиторияға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл жоба қатысушыларына қарапайым аудиториядан асып, өз идеялары мен тәжірибелерін бөлісуге көмектеседі. Жасанды интеллектінің көмегімен жазылатын комикстер арқылы Қазақстанда әлеуметтік жетімдік, тенсіздік пен буллинг туралы әңгімелейтін комикстер жасау арқылы әдебиеттер жобасы әлеуметтік теңсіздікті жоюға және қорқытуға қарсы тұруға бағытталған.

Айта кетейік, осыған дейін қызылордалық стартапердің алғаш рет комикс кітабын жарыққа шығарғанын хабарладық. «Innofest-2022» конкурсының жеңімпазы атанған София Темірболат тұңғыш рет комикс форматында кітап шығарды. Облыс әкімінің қолдауымен өткен идеялар байқауында қызылордалық өрен үздік атанып, конкурстан ұтып алған 500 мың теңге қаржысына өз идеясын іске асырып, виртуалды ортамен қауіпсіз байланыс дағдыларын дамытатын кітап жазып шықты. «Cyber City» хикаялары атауындағы жаңа кітап арқылы оқушылар цифрлық қауіпсіздікті қызықты қысқа комикс əңгімелер арқылы меңгерте отырып, олардың технологиялық жəне дүниетанымдық салалар бойынша білімін қалыптастырады.

«Комикс кітабы балаларды интернеттегі қауіпсіздік ережелерімен, жаңа терминдерден хабардар болуына, ақпараттық мəдениетті жетілдіруге көмектеседі. Басқа да бөлімдерін жазамын. Келешекте кітапты әрі қарай дамытатын боламын», деді София Темірболат.

Таяуда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Информатика» мамандығының 2-курс магистранты София Темірболаттың «Cyber city хикаялары» комикс кітабының екінші бөлімі жарық көрді. «Cyber City» хикаялары атауындағы жаңа кітап арқылы оқушылар цифрлық қауіпсіздікті қызықты қысқа комикс əңгімелер арқылы меңгерте отырып, олардың технологиялық жəне дүниетанымдық салалар бойынша білімін қалыптастырады. Комикс кітабы балаларды интернеттегі қауіпсіздік ережелерімен, жаңа терминдерден хабардар болуына, ақпараттық мəдениетті жетілдіруге көмектеседі. Жоба – Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорының арнайы «Қауіпсіз интернет», «Кибербуллинг – ол не және оны қалай тоқтату қажет?» кибербуллингке қарсы бағдарламасы мен зерттеулері аясында жасалған. Кітап арқылы балалар қауіпсіз киберкеңістікті оқып, цифрлық иллюстрациялар мен комикстерді кәсіби оқуға мүмкіндік алады. Автор өз еңбегінде шетелдік мамандардың пікірі мен зерттеулерін негізге ала отырып, 10 бөлімнен тұратын кітаптар сериясын әзірледі. Комиксті құрастыру үшін Жапон, Корей, Еуропа елдерінің суретшілерінен дәріс алып, шеберлігін шыңдаған. Кітап білім беру ұйымдарында киберқауіпсіздік білімін ілгерілету үшін педагогтар пайдалана алатын стратегияларды ұсынады. Комикс авторлық құқықпен қорғалған.

Тағы да оқыңыз: