Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «Күміс университет» жобасын іске асыруда. Жоба аясында 50 жастан асқан тұрғындар түрлі тақырыптағы курстарға тегін қатысып, уақытын тиімді өткізе алады. Жақындағы курстар: 20-24 мамыр аралығында және 27-31 мамыр аралығында өтпек. 

Курстардың мақсаты: азаматтардың әлеуметтік белсенділігін арттыру, қазіргі өмірге сәтті бейімделуіне, өзін-өзі дамытып, қолайлы жағдайлар жасау. Сонымен қатар, коммуникациялық ортаны қалыптастыру және олардың ары қарай үздіксіз білім алуына, тәжірибе алмасуына ықпал ететін болады. 

Қазіргі таңда «IT-ҚҰЗЫРЕТТІЛІК» бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған интенсивті курс аға буын өкілдеріне заманауи IT-технологияларды меңгеруге мүмкіндік береді. Университетте ұйымдастырылатын өзге де курстар арқылы шет тілдерін үйрену, құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыруға мүмкіндігі мол. 

Ақиық ақын Абай Құнанбаев, 

“Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек,

Ашуың – ашыған у, ойың – кермек.

Мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық,

Кім көңілді көтеріп, болады ермек?”, – деп өз заманында айтса, бүгінгі күні де елуден асқан азаматтарға ерекше назар аударылуда. “Күміс университет” жобасы сіздің уақытыңыздың құндылығын арттырады. Жоба жыл аяғына дейін жалғасын табады.

 

Қорлан САРЫ
Фото: eurodom-vp.ru

Тағы да оқыңыз: