Kyzylorda-news.kz Ақмола облысының колледждерін тексеру барысында білім беру сапасын қамтамасыз ету, санитарлық бақылау, өрт қауіпсіздігі, күзет, денсаулық сақтау және тағы басқа салаларда 200-ден астам талаптар бұзылғандығы анықталды, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
«2 колледжде бұрын зорлық-зомбылық жасағаны үшін сотталған адамдар жұмыс істеген. Басқа колледжде жұмысшылар жұмыс орнында ішімдік ішкен. Аталған адамдар қабылданған шаралармен жұмыстан шығарылды», – делінген прокуратура хабарламасында.
Бірқатар оқу орындарында медицина қызметкерлерінің қызмет көрсетуге лицензиясы болмай шықты.
Сондай-ақ, студенттердің арасында жүйелі түрде қорқыту фактілері анықталды. Аталған дерекке қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.
Фото: opennews.kz