Kyzylorda-news.kz.  25 мамырдан кейін сабаққа себепсіз келмеген оқушының ата-анасы ғана емес, мектеп директорлары да жауапқа тартылатын болады.

Бұл жөнінде оқу-ағарту министрлігі оқу жылының аяқталуына қатысты шұғыл жиында айтты.

"Кәмелетке толмаған баланың тәрбиесі мен біліміне қатысты міндеттемелерді орындамау екі тараптың жауапкершілікке тартылуын көздейді", - деп мәлімдеді ведомстодағылар.

Жиын барысында оқулықтарды оқу жылы аяқталмай жинап алған мектеп басшылары 15-тен 30 АЕК көлемінде айыппұл арқалайтыны айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, биыл оқу жылы 1 маусымда аяқталады.

Тағы да оқыңыз: