Kyzylorda-news.kz  М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде «Шетел тілі» бөлімінің студенттерімен «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Кітап - сарқылмас рухани қазына» атты танымдық шара өткізілді.

Мақсаты  - студенттерге кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.

Студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, қазақ және әлем әдебиетіне кеңінен құлаш кермейуге бейімдеу. Себебі кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Кітап адамға рухани азық. Оның бізге берері мол. Қашаннан да ақын-жазушылардың ұрпаққа берер асыл қазынасы мол. Ол ертеден қалыптасып келе жатқан қағида десекте артық емес.

Осы танымдық іс-шара аясында студенттер Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романын талдады. Кейіпкерлерге мінездеме беру отырып, өзіндік көзқарастарын білдірді. 

Шара барысында студенттер суреттер бойынша шығарманың атын тауып, туынды авторы туралы тың деректермен алмасты. Интерактивті тақтадан «WordWall» платформасы арқылы ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап берді.

Студенттер топқа бөлініп басты кейіпкерлерге мінездеме жазып шықты. 

Слайдта көрсетілген жағдаятты шешу аясында шағын пікірталас жүргізді. Студенттер бір-біріне сұрақ қойып, туындыны барлық қырынан ашты. 

Тағы да оқыңыз: