Kyzylorda-news.kz. Сыр өңіріндегі Назарбаев Зияткерлік мектебінде STEM жәрмеңкесі өтті. Аталмыш шарада 7-8-сынып оқушылары экоүй, экоқала макеттерін құрастырып, таныстырды.

Дарынды өрендер заманауи әрі тиімді технологиялармен жабдықталған, энергия үнемдейтін және өндіретін немесе баламалы энергия көздері арқылы жылынатын және жарықтандырылатын ғимараттардың прототиптерін дайындады.

– Біздің тұрғын үй кешеніміз заманауи қоғамның сұранысына сай бейімделген. Басты мақсатымыз тұрғындардың таза суға қолжетімділігін қамтамасыз ету. Сонымен қатар көгалдандыру мен абаттандыруда да күн жарығынан қорғайтын арнайы автоматты шатыр қою арқылы жасыл желектердің өңірдің ерекше климатта өсуіне жағдай жасау. Жылжымалы төбе қалқасы күн батареясынан қуат алады. Бұл жүйе – экономикалық және экологиялық жағынан тиімді. Сонымен қатар, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпалын тигізеді, – дейді 8-сынып  оқушысы Айзере Жақыпбек.

Сайыс қатысушылары I, II, III орындармен марапатталып, «Үздік топтық жұмыс», «Креативті идея», «Үздік дизайн» номинацияларын иеленді.

Мінекей, сырбойылық дарынды оқушылар тағы бір рет өздерінің талантты, ұшқыр ойлы екендіктерін көрсетті. Сондай-ақ, алдағы уақытта тағы да басқа креативті жобалармен айналысу жоспарда бар екендіктерін жеткізді.

Тағы да оқыңыз: