Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Жанат Мылтықбайқызы шәкірт тәрбиесі жолында талмай еңбек етіп, білім саласына өлшеусіз үлесін қосып жүрген бірқатар мұғалімдерді «Ы.Алтынсарин төсбелгісімен» марапаттады. Бұл туралы Қызылорда қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі міндет екенін айтқан бөлім басшысы әрбір ұстаз құрмет пен мемлекеттік наградаға лайықты екенін жеткізді. Ұрпақ тәрбиелеу мен білім беруде ұстаздардың еңбегі зор. Сондықтан да мәртебелі мамандық иелерінің қызметін өлшеусіз дер едім. Болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау өте маңызды міндет, – деді Жанат Мылтықбайқызы.
Жиында Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының мұғалімі Сәуле Альденова, С.Әлжіков атындағы №144 орта мектебінің мұғалімі Сағатбек Қарапаев және Жәлел Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейдін мұғалімі Айгүл Қиясова «Ыбырай Алтынсарин төсбелгісімен» марапатталды.