Kyzylorda-news.kz Қызылода қаласындағы С.Толыбеков атындағы №3 ІТ мектеп-лицейдің оқушысы Сейілхан Оралхан ҰБТ-дан 134 балл жинады. Ол осылайша ұстаздардың еңбегін ақтады.

  Ұстаздарының айтуынша, Сейілхан Оралхан ұлттық бірыңғай тестілеуге ерекше дайындалған. Көп уақытын дайындыққа, ізденіске жұмсаған оқушының үздік нәтижеге жететініне тағы да көз жеткіздік.

  Мектеп ұжымы ұстаздардың, ата-анасының еңбегі мен сенімін ақтап, ҰБТ қорытындысы бойынша жоғары көрсеткіш 134 БАЛЛ жинаған 11 "Г" сынып оқушысы Сейілхан Оралханды құттықтады.

– "Жарайсың, Оралхан! Мектебіңнің абыройын асқақтатып, ұстаздарыңның мерейін үстем еткеніңе зор алғысымызды білдіреміз. Таңдау пәні информатика-математика болған шәкіртіміздің жоғары балл иегері болуы-мектеп мерейі, ата-ана сенімінің ақталуы және түлегіміздің толағай еңбегі деп білеміз. Үлкен өмірге қаққан қанатың талмасын, Оралхан! Жолың ақ, болашағың жарқын болсын! Білімің әрқашан жеңіске жолықтырсын!", – деп мектеп ұжымы жылы лебізін білдірді.

Қызылорда қаласы бойынша ең жоғары балл алған оқушы достарыңа сәттілік тіледі. "ҰБТ тапсырушыларға айтарым, ең бастысы,  қорықпау керек, ҰБТ өмірдің соңы емес! Бұл жай ғана сенің өміріңдегі кішкене ғана баспалдақтың бірі", – дейді Сейілхан Оралхан.

Тағы да оқыңыз: