Kyzylorda-news.kz  Жыл сайын білім алушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру мақсатында берілетін Президенттік шәкіртақы иегерлері анықталды. Қызылордалық қос студент Президент шәкіртақысын иеленді. 

Соның бірі Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің "Су шаруашылығы және жерге орналастыру" білім беру бағдарламаларының кадастр білім беру бағдарламасының 4 -курс студенті Русланова Аружан. 

Студенттердің республикалық және халықаралық олимпиадалардағы, шығармашылық конкурстардағы, спорттық жарыстардағы, фестивальдардағы жетістіктері ескерілетін бұл степендияны алуға лайықты деп танылған Аружан университет қабырғасында ғылыми конференция, олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындар иеленіп, Алғыс хат, дипломдармен марапатталып жүр.

Атап айтар болсақ, «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын оқушылар арасында насихаттау мақсатында «Жылдың үздік ғылыми жобасы-2020» республикалық байқауына қатысып, 1 дәрежелі дипломмен және «Ғылыми жобаның үздік авторы» төсбелгісімен марапатталды. 2021-2022 жылғы «Елбасы медалі» жобасының қола медаль иегері.

«Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі, «IV халықаралық кітап басылымы» жарияланымға ғылыми жобасы қабылданып, «ҮЗДІК СТУДЕНТ – 2022» 1 дәрежелі дипломымен және төсбелгімен марапатталды. 2023 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ұйымдастыруымен өткен ҚР жоғары оқу орындары студенттерінің XV Республикалық пәндік олимпиадасында кадастр мамандығы бойынша 3 дәрежелі дипломымен және белсене қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.

Республикалық студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстары сайысының І кезеңінде І орынға және ІІ кезеңінде ІІІ орынға ие болды. Институттың белсенді студенті ретінде қоғамдық жұмыстарға қатысып, ұйымдастырушылық қабілеттерімен де танылған Аружан оқу жылында үш мәрте Президент шәкіртақысына ие болды. 

ҚР Президентінің шәкіртақысының иегері атанған студенттің енді бірі − Ақбота Әміртай. Ол"Су шаруашылығы және жерге орналастыру" білім беру бағдарламалары, жерге орналастыру білім беру бағдарламасының 4-курс студенті.

Өздеріңіз білетіндей, ҚР Президентінің шәкіртақысының иегерлері оқудағы көрсеткіштері ғана емес, ғылыми және шығармашылық өмірдегі белсенділігі де ескеріледі. Осы талапқа сай шыққан Ақботаның да жетістіктері аз емес. Әміртай Ақбота Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ХІV Республикалық пәндік олимпиадасының ІІ кезеңінде «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

9-мамыр, Жеңіс күніне орай, Жастар ұйымдары арасында өткізілген университетішілік байқауға қатысып, ІІ орынға ие болды.

«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен Республикалық «Дарынды жастар» жобасы аясында «Қазақстан Республикасы жастарының 100 жаңа есімі» атты байқауға қатысып, І дәрежелі дипломмен және төсбелгімен марапатталды.

Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры ұйымдастырған «Әлем зертханаларында ғылыми тағылымдама» байқауының финалисті.

Тағы да оқыңыз: