Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда Университетінде Инженерлі-технологиялық институты, «Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология», «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасының білім алушыларынан құралған «Safety Life» үйірмесі жұмыс жасайды. Үйірме мүшелері халықаралық, республикалық деңгейдегі ғылыми-зерттеу жұмыстары мен олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып, ғылыми басылымдарда белсенділік танытып келеді.

Солардың бірі жуырда Оренбург қаласында Халықаралық Жоғары оқу орындары арасында өткен «Здоровое поколение-2024» олимпиадасы. Олимпиада Оренбург мемлекеттік педагогикалық Университетінде «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» саласы бойынша ұйымдастырылды.

Университетіміздің атынан қатысқан «Safety Life» командасы олимпиаданың жалпы қорытынды нәтижесінде үздік Iорынды иеленсе, “Үздік видеоролик” номинациясы бойынша I дәрежелі жүлдені қанжығаларына байлады. Білімділер бәйгесінде біліктілігін көрсеткен олимпиада жеңімпаздары Асанова Арайлым, Бисеналы Нұрила, Исаева Гүлзира, Зейнулла Сұлтанмахмут, Жақсыбай Нұратайды және үйірменің ғылыми жетекшілері PhD, аға оқытушы Нұржамал Бахытжанқызы мен техника ғылымдарының магистрі Айым Ержанқызы. Үйірме қатысушыларының алға қойған мақсаттары айқын.  Алдағы уақытта да жоғары белесті бағындырары сөзсіз.

Тағы да оқыңыз: