Kyzylorda-news.kz  «Шетел тілі» бөлімінің «Teaching is a process of development and learning» (Оқыту-даму және оқу процесі) тақырыбындағы пән апталығы бөлімнің бітіруші курс студенттері Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Гуманитарлық-педагогикалық институтына» қарасты «Шетел тілдері және аударма» кафедрасына оқу-танымдық экскурсияға барды.

Мақсаты - 4 курс студенттерін аймақтық университет тынысымен таныстыру және “шетел тілі” мамандығының маңыздылығын көрсету.

Шетел тілін оқыту барысында инновациялық технологияларды қолдану студенттердің басқа тілде қарым-қатынас жасаудың барлық қырларын жан-жақты көруді қалыптастырудың бірегей мүмкіндігін білдіреді. Шетел тілін үйрету арқылы сол тілді үйреніп отырған елдің мәдени мұраларымен, тарихымен, ғылым саласындағы жетістіктерімен, әдебиетімен, өнерімен танысады және пән аралық байланыстарды жүзеге асыруға да мүмкіндік жасайды. Жалпы білім беретін жоғары оқу орындарында және орта мектепте шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеруге үйреткенде оқушыларды, студенттерді өз бетімен жұмыс істеуге баулу, алған білімін, икемділік дағдыларын жаңа жағдайларға тап болған кезде шығармашылықпен қолдана білуге машықтандыру көзделеді. Шетел тілін оқыту мақсаттары қоғамның мұқтаждығына байланысты өзгеріп отрады. Қазіргі кезде шетел тілін оқыту мынадай төрт мақсатты көздейді: коммуникативтік мақсат, білімділік, тәрбиелік және жетілдіру мақсаты. Осы аталған мақсаттардың ішінде коммуникативті мақсат жетекші рөл атқарады, қалған мақсаттар сол коммуникативтік мақсатты орындау арқылы жүзеге асырылады. Ағылшын тілін оқытуда алты деңгей бойынша студенттер білім аладыОлар: «beginner», «elementary», «pre-intermediate», «intermediate», «upper-intermediate», «advanced».

«Шетел тілдері және аударма кафедрасының» меңгерушісібілім беру бағдарламасының жетекшісіпедагогика ғылымдарының магистріаға оқытушысы Бекназарова Ұлжан Өмірзаққызы колледж студенттерін білім беру бағдарламасының тарихыменматериалдық техникалық базаменмультимедиялық-лингафондық кабинеттермен және кафедраның профессор-оқытушылар құрамымен таныстырдыСонымен қатарәр жыл сайын шетелден волонтер-оқытушылар келіпбілім алушыларға сабақ беретінін атап айттыОсы жылы “Fulbright”бағдарламасының стипендиантыАҚШ еліненЭльбертон (Джорджияқаласынан келген оқытушы Анна Кубас және корей тілі бойынша ЮХе Джинкорей тілін екінші тілретінде оқыту магистріКим Джинкёнкорей тілінің оқытушысымагистрКим Ёнбомкорей тілінің оқытушысымагистр арнайы келіпбілім алушыларға дәріс бергенін деатап көрсетті

Айта кетейікаталған танымдық экскурсия "Teaching English while exploring the world " тақырыбы бойынша кәсіби бағдар жұмысы аясында өткізілді.

 

Қорлан САРЫ

Тағы да оқыңыз: