Kyzylorda-news.kz. «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі және ҚР БҒМ “Мемлекет тарихы институты” бірлесе ұйымдастырған Халықаралық жоба аясында “ТМД-ның Үздік жас ғалымы” атты іс- шара өтті.
Аталған жобаға Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 9 мемлекетінен 1200 өтінім қабылданған. Нәтижесінде «Үздік жас ғалым-2020» номинациясы бойынша үздік деп танылған бірқатар жас марапат төрінен көрінді.
Олардың қатарында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 3 курс студенті Бекжан Сейілханов та бар. Жоба барысында жас ғалым І дәрежелі дипломмен және арнайы төсбелгімен марапатталды.
Ал ғылыми жетекшісі Ақмарал Мұхтароваға Алғыс хат табыс етілді.