Kyzylorda-news.kz М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде «Шетел тілі» бөлімінің апталығы аясында «Scaffolding»-Тәжірибеге бағытталған тәсілдер-кәсіби құзіретті маман даярлаудың негізі» тақырыбында Облыстық ағылшын тілі мұғалімдері Ассоциациясымен бірге облыстық ағылшын тілі оқытушылары арасында тәжірибе алмасу форматындағы әріптестік кездесу алаңы өтті.
Іс-шараға Қызылорда облысы бойынша ағылшын тілі мұғалімдері қауымдастығы мүшелері, Қызылорда облысының Қоғамдық даму басқармасының «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің аударма ісінің маманы Байдилдаева Баян Социалқызы, "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығының Қызылорда қаласындағы филиалының аға менеджері, тренер Оспанов Ерболат Тұрсынтайұлы, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің «Шетел тілі» бөлімінің оқытушылары мен студенттері қатысты.
Озық педагогикалық тәжірибені ұйымдастыру, зерттеу және қорыту, үздік жетістіктерді насихаттау бағытында жұмыс жасалынған іс-шарада Оспанов Ерболат Тұрсынтайұлы табысты сабақ құпиялары, жоспарлау стратегиялары мен әдістемесін ұштастыра отырып, шеберлік сағатын өткізді, Байдилдаева Баян Социалқызы ағылшын тілінен қазақ, орыс тілдеріне аударма жасаған кезде ескеру керек мәселелер жайлы баяндады, Баймағанбетова Айткүл Сарсенбековна, Түгелбаева Айымжан Түгелбайқызы, Шералы Майгүл Жамбылбековна ағылшын тілін үйретудегі «Team teaching» «командалық оқыту» бағытындағы практикалық жұмыстарды студенттермен бірге жасап, озық тәжірибелерімен бөлісті. Ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет ете алатын, дүниетанымы жоғары, білімдік бәсекеге қабілетті, жан-жақты қалыптасқан кәсіби құзіретті маман тәрбиелеу мақсатында кәсіби деңгейде тәжірибе алмасу болды.
Сондай-ақ, бөлімнің ШТ-Д-23 және ШТ-М-23 оқу топтарының ата-аналарымен бірлескен “Parents are the best teachers” отбасылық-эстафеталық сайыс өткізілді.
Мақсаты - ата-ана-студент-оқытушы арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында және спорттың денсаулыққа пайдасы зор екендігін түсіндіру.
Салауатты өмір салтын қалыптастыра отыра ептілікке, жылдам, шапшаңдылыққа тәрбиелеу. Сондай-ақ, пән ерекшелігіне дайындықты күшейтуге ықпал ету.
Сайыс 4 кезеңнен тұрды:
- Таныстыру
- Сұрақ-жауап
- Кім табады?
- Кім тапқыр?
Нәтижесінде 1-орынды “Happiness” ШТ-М-23 (Идирисовтер отбасы), 2-орынды “Sensible family” ШТ-Д-23 (Сейдахметовтер отбасы), 3-орынды “Synergy” ШТ-Д-23 (Алдамбергеновтер отбасы) және “Step to Victory” ШТ-М-23 (Орынбасаровтар отбасы) командалары иеленіп, жүлделі орындармен, арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Фото: aqmeshit-zhastary.kz