Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласындағы 3 IT мектеп-лицейінің 10 «Б» сынып оқушысы Темірбек Нұрдәулет «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының қалалық кезеңінде «Заманның заңғар тұлғасы» номинациясы (буктрейлер жасау) бойынша ІІ орынға ие болды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әсия Бекенова.
Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен «Маржан сөз, қоңыр үн» атты концерт жүргізушілерінің облыстық байқауында 11- сынып оқушысы Жұматай Азат жүлделі ІІ орынды иеленді. Жетекшісі — қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Серікбаева Бибісара.
Сонымен қатар, «Табиғатты аяла» жас экологтардың байкауының калалық кезеңінен 6-сынып окушысы Сарсенбаева Ұлжан ІІ орын (жетекшісі Жанаберген Меруерт) және 7-сынып оқушысы Құрманғазы Томирис ІІІ орын (жетекшісі Жылкаев Аскар) иеленді. «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының облыстық кезеңін өткізу ережелері оның мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру форматын, өткізу тәртібін анықтайды. Форумның мақсаты: білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу, балаларды қосымша біліммен қамту. Форумның міндеттері: қоршаған ортаны қорғау міндеттерін шешуде олардың кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпал ету, білім алушыларды практикалық қатысуға тарту үшін жағдай жасау; білім алушылардың табиғи және жасанды экожүйелерді зерттеу мен сақтау бойынша қызметіне қызығушылықтарын қолдау; білім алушылар мен педагог қызметкерлер арасында шығармашылық байланысты орнату және жұмыс тәжірибесімен алмасу; еліміздің жас тұрғындарында экологиялық мәдениетті және адамзат алдында тұрған ғаламдық мәселелер тарапынан белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру; балаларды іс-шараларға араластыру арқылы қосымша білім беру жүйесіндегі қамтылуын көтеруге жағдай жасау.