Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2013 жылы NIS желісінде ашылған химия-биология бағытындағы заманауи орда.

Білім алаңындағы оқушылар түрлі бағыттағы байқауларда топ жаруда. Мәселен, Алматы қаласында өткен «Central Asia Biology Olympiad» олимпиадасының қорытындысы бойынша Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Айғаным Ернатқызы І орын иеленді. Жетекшісі Райхан Тәжі.

Атылмыш додада Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мектептерінің 200-ден астам жас биологтары қатысқан. Дарынды өрендер биология генетикадан биоинформатикаға дейінгі биологияның түрлі тақырыптары бойынша күрделі тапсырмалар орындады. Айғаным теориялық білім мен логикалық ойлау қабілетімен ерекшеленіп, ең жоғары ұпай санымен жеңіске жетті.

«Үздік жас биолог»

«Биолог анықтамалығы» республикалық ғылыми-танымдық педагогикалық журналының ұйымдастыруымен өткізілген «Жас биолог-2023» байқауының қорытындысы бойынша Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Ең үздік топ» номинациясын иеленді. Ал топ жетекшісі биология пәнінің мұғалімі Несібелі Башенова басылымның ақылдастар алқасының мүшесі атанды.  Үздік топ құрамында Нұрмұхаммед Марат, Аянат Андас, Әлия Төлепберген, Асылжан Жомартқызы, Іңкәр Бақытбек бар. Бір жыл бойы дарынды өрендер «Биолог» анықтамалығының ұсынған тапсырмаларын белсенді орындап, жоғары академиялық білімдерімен және танымдық қабілеттерімен жеңіске жетті.

«ARASHI MMA»

Қызылорда облысындағы «Baiterek» жеке мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы Жидебай Бекнұр
жасөспірімдер арасында өткен «ARASHI MMA» бойынша Қызылорда облысының чемпионатында жүлделі орын иеленді.

«Атамұра» респуликалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Бояулар құпиясы» байқауына қатысып 
Берікбай Азима 1-орын 
Жұманова Инабат 2-орын иеленді.
Жетекшісі: Малдыбаева Жазира.

Өнер байқауы

Астана қаласында өткен VII халықаралық «SHASHU» фестиваль-байқауының республикалық кезеңінде Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары 4 жүлделі орындарға ие болды.  «Аспапта ойнау» жанры бойынша 11-сынып оқушысы Алихан Талғатов Дәулеткерейдің «Түрікмен» күйін орындап, ІІ орынды иеленсе, Нұрислам Төлеген Махамбеттің «Жұмыр, Қылыш» күйімен жеңіске жетті.  «Дәстүрлі ән» орындаушылары арасында Сырсұңқар Базарбайұлы Молдабайдың әнін шебер орындап, Бас жүлдені иеленді. Және Түркия елінде өтетін халықаралық байқауға жолдама ұтып алды.  Ал «Хореография» бөлімінде кәсіби би ансамбльдерімен сынға түскен «Самға» би тобы «Жастық шаттығы» музыкалық композицияны сомдап, күмістен медаль тақты.

Халықаралық Scopus базасын

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Алдияр Аппаздың «Изовалериан қышқылының моноглицеридтер синтезін микротолқынды белсендіру және оның микробқа қарсы белсенділігі» тақырыбында жүргізілген зерттеу нәтижелері әлемдегі ең ауқымды Scopus дерекқор жүйесіне енетін «Bulgarian Chemical Communications» болгариялық журналда жарияланды. 

Бұл жұмысты Алдияр әкесі – химия ғылымдарының кандидаты, профессор Нұрбол Аппазов, мектептегі ұстазы Марат Сыздықбаев және басқа да университет оқытушыларымен бірігіп дайындаған. Жұмысшы топ құрамында ол химиялық заттардың микротолқындық сәулелендіру арқылы синтездеу жолын қарастырып, алынған өнімді физика-химиялық талдау әдістері көмегімен зерттеді және оның ауру қоздырғыш бактериялар мен зең саңырауқұлақтарына қарсы белсенділігін анықтады. Алынған антибактериалды препараттың әлемдік медицинаға тигізер пайдасы туралы мақалада жан-жақты көрсетті. 

Айта кетейік, Scopus – бұл жаратылыстану- ғылыми және медициналық бағыттағы ғылыми еңбектер жинағына бай мұрағат. Бүгінге оның құрамында әлемдік деңгейдегі 22 000 басылымдар бар және 2004 жылдан бері бұл жүйеде 40 миллоннан астам ғылыми мақалалар жарық көрді. 

– Қазіргі заман талабына сай ғылыми зерттеу нәтижелерін осындай басылымдарда жариялау сұралады, тек осындай мақаласы бар ғалымдар ғылыми дәреже алуға диссертациясын қорғай алады немесе ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор, профессор) ала алады. Бұл оқушы үшін үлкен жетістік, – дейді ғалым Нұрбол Аппазов.

Облыстық семинар өтті

С.Толыбеков атындағы ІТ мектеп-лицей базасында «Өрлеу» АҚ біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Қызылорда филиалының бірлескен «Бастауыш мектепте құндылыққа бағдарланған тәсілді жүзеге асыруға бағытталған сандық білім беру ресурстары» тақырыбындағы облыстық семинары өтті.

Семинардың мақсаты: Бастауыш сыныптарда ІТ құзыреттіліктерді дамыту арқылы білім алушылардың бойында қазақи сана мен құндылықтарды қалыптастыру тәжірибесімен бөлісу.

«Өрлеу» АҚ біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Қызылорда филиалының әдіскері Нақыпбаева Жанар Болатбековна бастап келген курсанттарды қарсы алғаннан кейін 1-бөлім бойынша ашық сабақтар өткізді. Ашық сабақты бастауыш сынып мұғалімдері Омарова Гүлжанар Тұрарқызы 3 «Ә» сыныбына қазақ тілі пәнінен «Сөз таптары» тақырыбында, Ахметжан Надира Еркінқызы 1 «Ә» сыныбына дүниетану сабағынан «Ежелгі адамдардың өмірі қалай өзгерді?» тақырыбында, Тажгуразова Ляззат Бекбулатовна 3 «Г» сыныбына математика сабағынан «Век. Праздник единства народа Казахстана» тақырыбында, Қалмаханова Әсел Берденовна 4 «Г» сыныбында математика сабағынан «Симметричные фигуры» тақырыбында ашық сабақтар өткізді.

Семинардың 2-бөлімінде Шағырбаева Сұлушаш Дүйсенбекқызы «Бастауыш білім беруде жасанды интеллектіні қолдау» келген мұғалімдерге оқу сағатын, Рыспенбетова Бақыт Аманбайқызы 4 «Ә» сыныбына «Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя» тақырыбында отбасылық тренинг жүргізсе, Балтабаева Ләззат Бақытбекқызы мен Ахметова Ақерке Умиртаевна «Ұлттық нақыш – ұлт ажары» ЭтноАРТ терапия, мектебіміздің тренері Сарыбаева Гүлжауһар Тоғанасқызы «Шаңырақ» тренинг жүргізді.

​Семинар соңында келген қонақтардан кері байланыс жүргізе отырып, Нақыпбаева Жанар Болатқызы сөз алып, бүгінгі семинарымызды жоғарғы деңгейде деп бағалап, жұмыс жүргізген барлық мұғалімдерді алғыс хатпен, ұйымдастырушы директордың бастауыш ісі жөніндегі орынбасары Тажитаева С.Б. «Құрмет грамотасымен» марапаттады. Семинарымызды 4- сынып оқушысы Шама Хадия «Ұстазым» әнімен аяқтады.

 

Ә.Жанәбілқызы

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: