Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінде төтенше жағдайда әрекет ету бойынша оқу-жаттығу өтті.

Жаттығу Қазақстан Республикасының ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың тапсырмасы аясында ұйымдастырылды.

Оқу-жаттығу барысында №101 мектеп-лицей директоры Айгүл Алтынбекқызы мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ардақ Дүйсенбекұлы, «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Ерлібек Теңізбайұлы оқу-жаттығулардың мақсаты туралы таныстырды. Соның ішінде білім алушыларға террористік қауіпсіздік, сондай-ақ жол қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік, жеке қауіпсіздік туралы ақпарат берілді. 

Дайындықта «Мектеп объектісінде терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық» аясында бекітілген алгоритмдер тәжірибе жүзінде пысықталды. Төтенше жағдайдың алдын алу және одан қорғану шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, мектеп ұжымына терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі алгоритмдер нұсқамасы беріліп, тиісті деңгейде орындалуы қадағаланды. 

Одан бөлек оқушыларға нұсқау беріліп, қызметкерлер мен білім алушыларды жедел эвакуациялау ұйымдастырылды. Мамандар техникалық құралдардың яғни, дабыл түймесі және бейнекамералардың жұмыс істеуі тексерілді.

Техникалық құралдардың тұрақты жұмыс істелуін, қауіп төнген жағдайда оқушылар, мұғалімдер мен қызметкерлердің қауіпсіздікті сақтап, жедел әрекет етуіне бағдарлауды мақсат еткен шаралар жүргізілді.

Тағы да оқыңыз: