Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №13 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен,  № 257 орта мектеп оқушыларының қатысуымен 31 мамыр - Саяси қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Ұлт үшін құрбан болған Алаш азаматтары» тақырыбында тарихи сағат өтті.

Шара барысында «Ұлт үшін құрбан болған Алаш азаматтары» атты 10 минуттық бейнебаян арқылы тағдыры тәлкек болған қазақ зиялыларымен 1932 - 1933 жылдардағы ашаршылық тарихы қазақ халқын орны толмас қайғы-қасіреті жайында деректер көрсетілді. «Тарихтан тағылым, өткенге тағзым» атты кітап көрмесі бойынша мерзімді басылым беттеріндегі жарық көрген тарихи деректі мақалалар мен кітаптар оқырмандарға насихатталды.

№257 орта мектептің ұстаздары Құжбанова Айнұр, Алпысбай Сабыржандар қатысып оқушыларға қазақтың төл тарихындағы қуғын-сүргін құрбаны болған қазақ зиялылары мен қайғы қасіретті күндер туралы тарихи шыңдықты, нәубетті күндер туралы мәліметтер айтты. Жас оқырмандар қазақ тақырып бойынша әдебиеттерден естеліктермен деректерді оқып, таныстырды.

Мақсаты – қаншама зобалаң жылдарды бастан кешкен ұлтымыздың айтқан зары, кешкен мұңы, жүріп өткен тар жолдарын оқырман қауымға насихаттай отырып, жастарымызды елжандылыққа, өткенімізді ұмытпауға, тарихымызды зерделей білуге тәрбиелеу.

Тағы да оқыңыз: