Kyzylorda-news.kz. Кеше «Bookdating» жобасы аясында Әбділда Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық кітапханасында «Бүгінгі оқырман – ертеңгі көшбасшы» атты «Кітап құрттарының» жетекшісі Талғат Меңдібаевпен кездесу өтті. 

Шараның мақсаты - балалардың оқу мәдениетін қалыптастыру, кітап сүйгіш оқырмандардың бірегей сұхбат алаңын жасау. 

Аталған шараға облыс орталығындағы № 10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім - инновация» лицей – интернатының оқушылары қатысты. 

Оқушылармен басқосу барысында олар өздерінің оқыған әдебиеттерінен алған әсерлері жайлы бөлісіп, келген қонаққа өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Шара барысында Талғат Меңдібаев жастарға әлем және қазақ халықтарының озық шығармаларын оқуға кеңес берді.
Сонымен қатар осы күні облыстық кітапханада Мұхтар Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай «Ұлы тұлға ұлағаты» атты оқырман конференциясы өтті. Конференцияның мақсаты - Мұхтар Әуезовтің өмір жолы, жазушылық қызметі мен шығармашылығынан мағлұмат беру. 

Шараға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының доценті Гүлмира Баялиева, №7 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Э.Сұлтанова, Г.Ілиясова, Г.Кенжалиева және Г.Жүсіпбекова қатысты. 

Қонақтар «Қазақ әдеби тілі және Мұхтар Әуезов», «Әуезов әлемі», «Ұлт мақтанышы», «Әуезов пьесалары» тақырыптарында баяндамаларын оқып, оқырман сұрақтарына жауап берді.

Шара соңында «Мұхтар Әуезовтың ғылыми және әдеби – рухани мұрасы»» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылып, әдеби шолу жасалды.

316537206_3433910900264847_7830214733349871793_n.jpg

Тағы да оқыңыз: