Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласындағы №290 Келешек мектебінің OtAI командасы Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласында өткен FIRST LEGO League Asia Open Championship 2026 халықаралық чемпионатында Coding Award номинациясының жеңімпазы атанды.
13–16 тамыз аралығында ұйымдастырылған беделді додаға әлемнің 25 елінен 350-ден астам команда қатысып, робототехника, инженерия, бағдарламалау және командалық жұмыс бойынша бақ сынады.
Бұл – Қызылорда облысы оқушыларының халықаралық деңгейдегі екінші жыл қатарынан қол жеткізген жетістігі. 2025 жылы Макаода өткен аталған чемпионатта OtAI командасы Challenge Solution Award арнайы жүлдесіне ие болған еді.
Халықаралық деңгейдегі бұл жетістік – өңірдегі білім беру жүйесінде STEM бағытындағы жұмыстардың, инженерлік және цифрлық құзыреттерді дамытуға бағытталған жүйелі еңбектің нәтижесі.

