Kyzylorda-news.kz  Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №20 кітапхананың ұйымдастыруымен қазақтың ертеден келе жатқан ұлттық асық ойындарын ұлықтау мақсатында «Хан талапай ұлттық ойын» атты балалар сағаты өткізілді. Шараға Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектептің 6 сынып оқушылары қатысты.

Халқымыздың тарихы дәстүрге бай. Ата-бабаларымыздың тіршілік тәсілі негізінен мал шаруашылығы болғандықтан, еңбек әрекетіне сай ұлттың өзіне ғана тән салт-сана, әдет-ғұрып қалыптастыра білгендіктен, ұлттық ойындарымыз да басқа ұлттан өзгеше, бояуы анық, бай мазмұн мен түрлерге ие. Бұлай деуімізге себеп, ежелгі ойын түрлері – «Жақ лақтыру», «Мұнданақ», «Атаман доп» сияқты т.б. көптеген 150 жуық ойын түрлері болған. Олардың барлығы дерлік балалардың ойын жетілдіруге, денсаулығының қалыпты болып өсуі мен еңбекке араласуына үлкен септігі тиеді.

Шара барысында оқушыларға ойынның ережесі түсіндіріліп, екі топқа бөлініп сайысты. Сонымен қатар дене шынықтыру пәнінің ұстаздарына еліміздің намысын әлемдік деңгейге көтеріп жүрген белгілі спорт жеңімпаздарының өмірі мен еңбектері туралы жазылған кітаптар туралы мағлұматтар берілді. Ұлттық ойынды насихаттау мақсатында өз үлесін қосып жүрген ұстаз Абдраманов Дулат Бекмаханұлы бұндай шаралардың әлде де жалғасын тауып ұйымдастырылу керектігі жөнінде өз ойын айтып алғысын білдірді. Жалпы шараның мақсаты өскелең ұрпаққа ұлттық ойынды насихаттау арқылы ұлттық құндылықтарымызды түсіндіру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Тағы да оқыңыз: